HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Түс опцияларын өзгерту
Ағымдағы басып шығару тапсырмасы үшін түс опцияларының параметрлерін принтер
драйверінің түс жиекбелгісінен өзгертіңіз.
1. Бағдарламадағы File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Properties (Қасиеттері) немесе Preferences (Артықшылықтары) тармағына шертіңіз.
3. Түс жиекбелгісін басыңыз.
4. Aвтоматты немесе Қолмен орындалатын параметрін таңдаңыз.
Aвтоматты параметрі: Осы параметрді басып шығару тапсырмаларының көбіне
таңдаңыз
Қолмен орындалатын п
ара
метрі: Түс параметрлерін өзге параметрлерден бөлек
реттеу үшін осы параметрді таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Түс параметрлерін қолмен өзгерту шығару жұмысына əсер етуі мүмкін.
HP компаниясы бұл параметрлерді тек түс графикасы мамандары өзгертуін ұсынады.
5. Түрлі түсті құжатты қара жəне сұр түстің реңдерінде басып шығару үшін Сұр шəкілде
басып шығару опциясын басыңыз. Түрлі түсті құжаттарды фотокөшірме немесе факс
үшін басып шығаруға осы опцияны пайдаланыңыз. Бұған қоса, бұл опцияны алғашқы нұсқа
көшірмелерін басып шығару немесе түс тонерін үнемдеу үшін пайдалануға болады.
6. OK түймесін басыңыз.
Қолмен реттелетін түс опциялары
Мəтін, графика жəне фотосуреттер үшін Neutral Grays (Бейтарап Сұр түстер), Halftone (Орта
өң) жəне Edge Control (Жиектерді Түзету) опциялары үшін қолмен реттелетін түс опцияларын
пайдаланыңыз.
KKWW Түсті реттеу 91