HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
HP ToolboxFX құралын пайдалану
HP ToolboxFX келесі тапсырмаларды орындау үшін пайдалануға болатын бағдарлама:
Өнім мəртебесін тексеріңіз.
Өнім параметрлерін конфигурациялаңыз.
Ақаулықтарды жою жөніндегі ақпаратты көріңіз.
Сіз өнім тікелей компьютеріңізге қосылған жағдайда немесе желіге қосылған жағдайда HP
ToolboxFX бағдарламасын көре аласыз. HP ToolboxFX бағдарламасын пайдалану үшін
ұсынылған бағдарламалық құралдарды толығымен орнатуыңыз қажет.
ЕСКЕРІМ: HP ToolboxFX бағдарламасына Windows Server 2003, Server 2008, Vista Starter
немесе Mac операциялық жүйелерінде қолдау көрсетілмейді.
Сізге HP ToolboxFX бағдарламасын ашып, пайдалану үшін Интернетке кірудің қажеті жоқ.
HP ToolboxFX көру
HP ToolboxFX бағдарламасын келесі жолдардың бірімен ашуға болады:
Windows жүйесі науасында HP ToolboxFX белгішесін екі рет басыңыз (
).
Windows Start (Бастау) мəзірінде Programs (Бағдарламалар) (немесе Windows XP жəне
Vista жүйелерінде All Programs (Барлық Бағдарламалар) тармағын ашып, HP тармағын
ашыңыз, осы өнімнің атын таңдап, содан кейін HP ToolboxFX элементін таңдаңыз.
HP ToolboxFX бағдарламасында төмендегі қалталар бар:
Мəртебе
Анықтама
Жүйе параметрлері
Басып шығару параметрлері
Желі параметрлері
HP ToolboxFX бөлімдері
Мəртебе
Status (Мəртебе) папкасында келесідей негізгі беттерге сілтемелер бар:
Device Status (Құрылғы мəртебесі). Бұл бетте өнімнің кептелу немесе босап қалған науа
сияқты күйлері көрсетіледі. Сіз мəселенің шешімін тапқаныңыздан кейін өнім мəртебесін
жаңарту үшін Refresh status (Мəртебені Жаңарту) батырмасын басыңыз.
Supplies Status (Жабдықтар Мəртебесі). Картридждің қалған қызмет мерзімінің болжалды
пайыздық көрсеткіші, ағымдағы баспа картриджінің көмегімен басылып шығарылған бет
тер
саны сияқты мəліметтерді көріңіз. Оған қоса бұл бетте жабдықтарға тапсырыс беру жəне
қайта пайдалану жөніндегі ақпарат сілтемелері бар.
98 Бап 9 Басқару жəне күту KKWW