HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Өнімді баспа картриджін ауыстырғанша тоқтатуға жəне баспа картриджін ауыстыруға
кеңес беруге орнату үшін Кеңес опциясын таңдаңыз. Кеңесті қабылдап, басып
шығаруды жалғастыруға болады.
Тонер картридждері мəзірінде ғана баспа картриджі өте төмен деңгейде болғанда
ескерту, бірақ тек қара түсте басып шығаруды жалғастыру үшін Қара түспен басып
шығару (стандартты опция) опциясын таңдаңыз.
HP жабдығы «өте төмен» де
ңгейге же
ткенде, HP компаниясының жоғары қорғау кепілдігінің
мерзімі аяқталады.
Баспа картридждерін басқару
Басып шығару картриджін сақтау
Сіз басып шығару картриджін пайдалануға дайын болғанша оны орауышынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Басып шығару картриджінің зақымдалуын болдырмау үшін, оның жарық жерде
қалу ұзақтығы бірнеше минуттан аспауы тиіс.
HP -емес баспа картридждеріне қатысты HP саясаты
Hewlett-Packard Компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP -емес баспа картридждерін
пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРІМ: HP -емес баспа картридждерін пайдалану салдарынан келтірілген ешбір
зақымдану HP кепілдік жəне қызмет көрсету жөніндегі келісімдермен қамтылмайды.
алдау оқиғасы жөнінде хабарлау үшін НР жедел байланыс желісі жəне Web-сайты
Егер сіз HP басып шығару картриджін орнатсаңыз жəне басқару панелінің хабары картридждің
НР шығармағанын көрсетсе, алаяқтық оқиғасы жөнінде НР жедел байланыс желісі арқылы
хабарлаңыз (1-877-219-3183, Солтүстік Америкада тегін) немесе
www.hp.com/go/anticounterfeit
торабын пайдаланыңыз. HP компаниясы картридждің шынайы екендігін анықтауға көмектеседі
жəне проблеманы шешу үшін шаралар қолданады.
Егер сіз төмендегілерді байқап қалсаңыз, сіздің басып шығару картриджіңіз шынайы HP басып
шығару картриджі болмауы мүмкін:
Жабдықтар күй беті HP емес немесе пайдаланылған жабдық орнатылғанын көрсетеді.
Басып шығару картриджін пайдаланғанда проблемалар көп кездеседі.
Баспа картриджі түрі үйреншікті түрінен өзгеше (мы
салы, қорап HP қорабынан өзгеше).
Жабдықтарды қайта пайдалану
Шынайы HP баспа картриджін қайта өңдеу үшін пайдаланылған картриджді жаңа картридж
келген қорапқа салыңыз. Пайдаланылған жабдықты HP компаниясына қайта өңдеуге жіберу
үшін ашылған қайтару белгісін пайдаланыңыз. Толық ақпарат алу үшін əр жаңа НР
жабдығымен жеткізілетін қайта өңдеу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
110 Бап 9 Басқару жəне күту KKWW