HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
DIMM модулінің орнатылуын тексеріңіз
DIMM модулін орнатып болған соң, оның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
1. Өнімді қайта қосыңыз. Өнім іске қосу процессін орындаған соң, Дайын шамы қосылып
тұрғанын тексеріңіз. Егер қателік туралы хабар шықса, DIMM модулі дұрыс орнатылмаған
болуы мүмкін.
2. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
3. Конфигурация бетіндегі жад бөлімін тексеріп, жадты орнату алдында басылып шыққан
конфигурация бетімен салыстырыңыз. Егер жадтың көлемі кө
беймеген болса, DIMM
модулі дұрыс орнатылмаған немесе ақауы бар болуы мүмкін. Орнату процедурасын
қайталаңыз. Қажет болса, басқа DIMM модулін орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер өнімнің тілін (ерекшелік) орнатқан болсаңыз, конфигурация бетіндегі
«Орнатылған Ерекшеліктер мен Опциялар» бөлімін тексеріңіз. Бұл жерде жаңа өнімнің тілдері
тізімделуі керек.
Жадты үлестіру
Өнімге көшірген утилиталарыңыздың немесе тапсырмаларыңыздың құрамында кейбір кезде
қорлар болады (мысалы: қаріптер, макростар немесе əшекейлер). Тұрақты ретінде іштей
белгіленген қорлар өнімнің жадында, сіз өнімді өшіргеніңізге дейін, сақталып тұрады.
Егер қорларды тұрақты ретінде белгілеуге бетті түсіндіру тілін (PDL) қолдансаңыз, келесі
нұсқауларды орындаңыз. Техникалық егжей-тегжейлерін алу үшін PCL немесе PS арналған
тиісті PDL нұсқауын қараңыз.
Ресурстардың, өнім өшірілмейінше жа
дт
а сақталып тұрғаны аса қажет болмаса, оларды
тұрақты ретінде белгілемеңіз.
Тұрақты қорларды өнімге тапсырманы басып шығару кезінде емес, оның басында
жіберіңіз.
ЕСКЕРІМ: Тұрақты қорларды өте көп пайдалану немесе оларды басып шығару кезінде көшіру
өнімнің өнімділігіне немесе құрмалас беттерді басып шығару қабілетіне əсер етеді.
KKWW Жабдықтар мен аксессуарларды басқару 119