HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Мəселелерді шешу тексеру парағы
1. Өнімнің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
a. Өнімді қосу үшін немесе Auto-Off (автоматты өшіру) режимін өшіру үшін қуат түймесін
басыңыз.
b. Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
c. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына дұрыс екенін тексеріңіз. (Кернеу
талаптары жөнінде өнімнің артқы жағындағы белгіден қараңыз.) Егер сіз қуат қалыбын
қолданып, оның кернеу талаптары ерекшеліктерге сай болмаса, өнімді тікелей қоре
к
розеткасына қосыңыз. Егер ол қорек розеткасына қосылып тұрған болса, басқа
розеткаға қосып көріңіз.
d. Егер осы əрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету
қызметімен байланысыңыз.
2. Кабельді тексеріңіз.
a. Өнім мен компьютердің арасындағы кабель жалғауын тексеріңіз. Жалғаудың қауіпсіз
екеніне көз жеткізіңіз.
b. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
c. Же
лілік байланысты тексеріңіз (тек HP Түсті LaserJet CP1525nwнда): Желі шамының
жанғанын тексеріңіз. Желі шамы өнім артындағы желі портының қасында орналасқан.
Егер өнім желіге қосылмай қалса, өнімді жойып, қайта орнатыңыз. Қате қайталана
берсе, желі əкімшісіне хабарлаңыз.
3. HP Түсті LaserJet CP1525n: Басқару панеліндегі шамдардың жанғанын тексеріп алыңыз.
HP Түсті LaserJet CP1525nw: басқару тақтасының дисплейінде басқа хабарлардың бар-
жоғын қараңыз.
4. Пайд
аланылатын қағаздың сипаттамаларға сай екеніне көз жеткізіңіз.
5. Қағаздың кіріс науасына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
6. Өнімнің бағдарламалық құралының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
7. Бұл өнім үшін принтер драйвері орнатылғанын жəне осы өнім бар принтерлер тізімінен
таңдалғанын тексеріңіз.
8. Конфигурациялау бетін басып шығарыңыз.
a. Егер бет басып шығарылмаса, кіріс науасында қағаз бар екенін жə
не қа
ғаз дұрыс
салынғанын тексеріңіз.
b. Баспа картриджінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
KKWW Мəселелерді шешу тексеру парағы 125