HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Қағаз дұрыс емес беріледі немесе кептеледі
Өнім қағазды тартып алмайды
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Қағаз кептелістерінің алдын алу
Кептелулерден тазалаңыз
Өнім қағазды тартып алмайды
Егер өнім науадан қағазды тартып алмаса, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімді ашып, кептелген парақтарды шығарып алыңыз.
2. Тапсырма үшін науаға дұрыс қағаз өлшемін салыңыз.
3. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
4. Қағазды қолмен беру сұрауын растау үшін өнімнің күтіп тұрғанын қарау мақ
сатында,
өнім
нің басқару панелін тексеріңіз. Қағаз салып, жалғастырыңыз.
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер өнім бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыъз.
1. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз жəне оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз.
Қағазды желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
2. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса,
басқа бумадағы қағ
азды пайдаланыңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаз жинағын толығымен
алып тастап, жинақты түзетіп, науаға қағаздың кейбірін қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз орнында тығыз, бірақ майыспай тұратындай реттеңіз.
Қағаз кептелістерінің алдын алу
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса,
басқа бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын
шығарыңыз, жинақты тіке
йтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
140 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW