HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Кескін сапасының мəселелерін шешу
Баспа сапасына байланысты мəселелердің көбін келесі нұсқауларды орындап, алдын
алуыңызға болады.
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін қолданыңыз.
Принтер драйверіндегі түс параметрлерін реттеу
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Тазалағыш бетті басып шығару
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Баспа картридждерін тексеру
Басып шығару қажеттіліктеріне жақсы сəйкес келетін принтер драйверін пайдалану
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін
қолданыңыз.
Төмендегі ақаулықтар туындаса, қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:
Тонер басып шығарылған беттерде жайылады.
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Тонер басып шығарылған беттерді бояйды.
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
Windows жүйесі үшін қағаз түрінің параметрін өзгерту
1. Бағдарламадағы File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Ерекшеліктер түймешігін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімнен Қосымша... опциясын таңдаңыз.
5. Түрі: опцияларының тізімін шығарып алыңыз.
6. Қолданыстағы қағаз түрін тапқанша қағаз түрлерінің əрбір санатын шығарып алыңыз.
7. Қолданыстағы қағаздың түрінің параметрін таңд
ап, OK т
үймешігін басыңыз.
Mac жүйесі үшін қағаз түрінің параметрін өзгерту
1. Бағдарламадағы Файл мəзірінен Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Көшірмелер жəне беттер мəзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу түймешігін басыңыз.
3. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен өлшемді таңдап, OK түймешігін басыңыз.
4. Аяқталуда мəзірін ашыңыз.
KKWW Кескін сапасының мəселелерін шешу 147