HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Түс опцияларын өзгерту
Ағымдағы басып шығару тапсырмасы үшін түс опцияларының параметрлерін принтер
драйверінің түс жиекбелгісінен өзгертіңіз.
1. Бағдарламадағы File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Properties (Қасиеттері) немесе Preferences (Артықшылықтары) тармағына шертіңіз.
3. Түс жиекбелгісін басыңыз.
4. Aвтоматты немесе Қолмен орындалатын параметрін басыңыз.
Aвтоматты параметрі: Осы параметрді басып шығару тапсырмаларының көбіне
таңдау
Қолмен орындалатын п
ара
метрі: Түс параметрлерін өзге параметрлерден бөлек
реттеу үшін, осы параметрді таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Түс параметрлерін қолмен өзгерту шығару жұмысына əсер етуі мүмкін.
HP компаниясы бұл параметрлерді тек түс графикасы мамандары өзгертуін ұсынады.
5. Түрлі түсті құжатты қара жəне ақ түспен басып шығару үшін, Сұр шəкілде басып шығару
опциясын таңдаңыз. Түрлі түсті құжаттарды фотокөшірме немесе факс үшін басып
шығаруға осы опцияны пайдаланыңыз.
6. OK түймесін басыңыз.
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Төмендегі ақаулықтар туындаса, басқа қағазды пайдаланыңыз:
Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
Басып шығарылған беттер мыжылған.
KKWW Кескін сапасының мəселелерін шешу 149