HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Əрдайым осы өнім қолдайтын қағаз түрін жəне салмағын пайдаланыңыз. Қосымша ретінде,
қағазды таңдаған кезде осы нұсқауларды пайдаланыңыз:
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін жəне кесілмегенін,
кертік салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз
еместігін, қапсырмалардың жоқтығын жəне шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп
қалмағанын тексеріңіз.
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайд
аланыңыз.
Ла
зерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде
пайдалануға арналған қағазды пайдаланбаңыз.
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып
шығару нəтижелерін береді.
Тазалағыш бетті басып шығару
Төмендегі мəселелерді кез келгені болғанда шаңды жəне артық тонерді алып тастау үшін
тазалағыш бетті басып шығарыңыз:
Басып шығарған беттердегі тонер дақтары.
Тонер басып шығарған беттерге жағылған.
Басып шығарған беттерде қайталанатын дақтар шығады.
Тазалағыш бетті басып шығару үшін төмендегі іс рəсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару панеліндегі OK түймешігін басыңыз.
2. Оң жақ көрсеткіні
басып Қызмет мəзірін бөлектеңіз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
3. Оң жақ көрсеткіні
басып Тазалағыш бет мəзірін бөлектеңіз, содан кейін OK түймесін
басыңыз.
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Егер баспа шығысында боялған көлеңкелер, көмескі графикалар немесе аймақтар болса,
түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру қажет болуы мүмкін. Түсті теңестіруді тексеру үшін,
басқару тақтасында Reports (Есептер) мəзірінен Diagnostics page (Диагностикалау беті) бетін
басып шығарыңыз. Егер беттегі түстер блоктары бір бірімен теңестірілмесе, өнімді тексеру
қажет болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Жүйені орнату мəзірін ашыңыз.
2. Баспа сапасы мə
зірін аш
ып, Түсті тексеру элементін таңдаңыз.
3. Қазір тексеру опциясын таңдаңыз.
150 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW