HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Компьютердің өніммен байланысуы мүмкін емес.
1. Желіні сынақтан өткізу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
a. Компьютерде пəрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Start (Бастау)
түймешігін басып, Run (Іске қосу) пəрменін таңдап, cm d деп теріңіз.
b. Өнім үшін IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
c. Егер терезе айналым уақытын көрсетсе, желі жұмыс істейді.
2. Егер ақпарат жіберу командасы орындалмаса, желілік хабтардың қо
су
лы екенін тексеріңіз,
содан кейін желі параметрлерінің, өнімнің жəне компьютердің бір желіге
конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім желі үшін дұрыс емес сілтеме жəне дуплекс параметрлерін пайдалануда
Hewlett-Packard бұл параметрді автоматты режимде қалдыруды ұсынады (стандартты
параметр). Егер осы параметрлерді өзгертсеңіз, оларды желі үшін де өзгерту қажет.
Жаңа бағдарламалық құралдар үйлесімді ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Жаңа бағдарламалық құралдардың дұрыс орнатылғанын жəне олардың дұрыс принтер
драйверін қолданатындығын тексеріңіз.
Компьютеріңіз немесе жұмыс компьютеріңіз дұрыс орнатылмаған.
1. Желілік драйверлерді, принтер драйверлерін жəне желі бағытын тексеріңіз.
2. Операциялық жүйенің дұрыс конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім ажыратылған немесе басқа желі параметрлері дұрыс емес.
1. Желі протокол күйін тексеру үшін конфигурациялау бетін қайтадан қарап шығыңыз. Қажет
болған жағдайда оны қосыңыз.
2. Қажет болса желі параметрлерін қайтадан теңшеңіз.
158 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW