HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Басқару панелі хабарды көрсетеді: Осы өнімдегі сымсыз мүмкіндік
өшірілген
Сымсыз мəзірін ашу үшін өнімде сымсыз түймесін басыңыз, содан кейін сымсыз радионы
қосыңыз.
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін өнім басып
шығармайды
1. Өнімнің қосылғанын жəне оның жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
2. Дұрыс сымсыз желіге қосылғаныңызды тексеріңіз.
3. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
a. Желі конфигурациясы мəзірін ашып, Сымсыз байланыс мəзірі элементін ашыңыз.
b. Сымсыз желіні тексеру үшін, Желілік сынақты іске қосу элементін таңдаңыз. Өнім
есепті нəтижелермен бірге басып шығарады.
4. Дұрыс порт немесе өнім таңдалғанын тек
с
еріңіз.
a. Компьютердегі принтерлер тізімінен, өнімнің атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Properties (Сипаттар) параметрін таңдап, Ports (Порттар) қойындысын
ашыңыз.
b. Virtual printer port for USB (USB үшін виртуалды принтер порты) параметрі жанына
құсбелгі қойылғанын тексеріңіз.
5. Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
Өнім басып шығармайды жəне компьютерде үшінші тараптың
желіаралық қалқаны орнатылған
1. Желіаралық қалқанды өндірушіде бар ең соңғы жаңартумен жаңартыңыз.
2. Егер бағдарламалар өнімді орнату немесе басып шығару кезінде желіаралық қалқанға кіру
мүмкіндігін сұраса, бағдарламалардың іске қосылуына рұқсат бергеніңізді тексеріңіз.
3. Желіаралық қалқанды уақытша өшіріп, компьютерге сымсыз өнімді орнатыңыз. Сымсыз
орнатуды аяқтағаннан кейін желіаралық қалқанды қосыңыз.
Сымсыз маршрутизатор немесе өнімді жылжытқаннан кейін сымсыз
байланыс жұмыс істемейді
Маршрутизатор немесе өнім компьютер қосылған бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз.
1. Есептер мəзірін ашып, есепті басып шығару үшін Конфигурациялық есеп элементін
таңдаңыз.
2. Компьютеріңіз үшін конфигурация есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы SSID идентификаторымен салыстырыңыз.
3. SSID идентификаторлары бірдей болмаса, онда құрылғылар бірдей желіге қосылмаған.
Өнімнің сымсыз орнатуын қайта конфигурациялаңыз.
160 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW