HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
USB қосылымын пайдаланған кезде жалпы принтер драйверін қолданасыз
Принтер драйвері баспа жəне факс тізімінде тізімделмеген.
1. Өнімнің .GZ файлының төмендегі қатты диск папкасында екеніне көз жеткізіңіз: Library/
Printers/PPDs/Contents/Resources. Қажет болса, бағдарламалық құралды қайта
орнатыңыз.
2. Егер GZ файлы қалтада болса, онда PPD файлы зақымдалған болуы мүмкін. Файлды
жойып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
Өнім атауы өнім тізіміндегі баспа жəне факс тізімінде көрсетілмейді.
1. Кабельдердің дұрыс жалғанғанын жəне өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. Өнімнің атауын тексеру үшін конфигурациялық бетті басып шығарыңыз. Конфигурациялау
бетіндегі атаудың баспа жəне факс тізіміндегі атауға сəйкес келетінін тексеріңіз.
3. USB немесе желі кабелін жоғары сапалы кабельмен алмастырыңыз.
Принтер драйвері баспа жəне факс тізіміндегі таңдалған өнімді автоматты түрде
орнатпайды.
1. Кабельдердің дұрыс жалғанғанын жəне өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. Өнімнің .GZ файлының төмендегі қатты диск папкасында екеніне көз жеткізіңіз: Library/
Printers/PPDs/Contents/Resources. Қажет болса, бағдарламалық құралды қайта
орнатыңыз.
3. Егер GZ файлы қалтада болса, онда PPD файлы зақымдалған болуы мүмкін. Файлды
жойып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
4. USB немесе желі кабелін жоғары сапалы кабельмен алмастырыңыз.
Баспа тапсырмасы қажет өнімге жіберілмеді.
1. Басып шығару кезегін ашып, басып шығару тапсырмасын іске қосыңыз.
2. Атауы бірдей немесе ұқсас басқа өнім басып шығару тапсырмасын алған болуы мүмкін.
Өнімнің атауын тексеру үшін конфигурациялық бетті басып шығарыңыз. Конфигурациялау
бетіндегі атаудың баспа жəне факс тізіміндегі атауға сəйкес келетінін тексеріңіз.
USB кабелімен жалғанған кезде, драйвер таңдалған соң, өнім баспа жəне факс
тізімінде көрсетілмейді.
Бағдарламалық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
Mac амалдық жүйесінің Mac OS X 10.5 немесе одан кейінгі нұсқа екенін тексеріңіз.
Аппараттық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
1. Өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
3. Сəйкес жоғары жылдамдықты USB кабелін пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз.
164 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW