HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
4. Тізбектен қуат алатын USB құрылғыларының тым көп болмауын қамтамасыз етіңіз. Барлық
құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына
қосыңыз.
5. Екіден артық қуатсыз USB хабтарының тізбекте бір қатармен қосылғанын тексеріңіз.
Барлық құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: iMac пернетақтасы қуатсыз USB хабы болып табылады.
USB қосылымын пайдаланған кезде жалпы принтер драйверін қолданасыз
Егер бағдарламалық құралды орнатпастан бұрын USB кабеліне қосылсаңыз, осы өнімге
арналған драйвердің орнына жаплы принтер драйверін пайдалануыңыз мүмкін.
1. Жалпы принтер драйверін жойыңыз.
2. Бағдарламалық құралды өнімнің ықшам дискісінен қайта орнатыңыз. USB кабелін
бағдарламалық құралдың орнатым бағдарламасы сұрамайынша қоспаңыз.
3. Егер бірнеше принтер орнатылса, Format for (Пішімдеу) ашылмалы мəзірінен Print (Басып
шығару) тілқатысу терезесіндегі дұрыс принтер таңдағанын тексеріңіз.
KK
WW Өнімнің бағдарламалық құралына қатысты мəселелерді шешу 165