HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Аляска мен Гавайи тұрғындары үшін:
UPS жапсырмасын пайдаланбаңыз. Ақпарат жəне нұсқаулар алу үшін 1-800-340-2445 нөміріне
қоңырау шалыңыз. АҚШ пошта қызметі Аляска мен Гавайи үшін НР компаниясымен жасалған
келісім бойынша қайтарылған картриджді тасымалдау қызметіне ақы алмайды.
А.Қ.Ш. тыс қайтарылымдар
HP Ғаламдық Серіктестер қайтару мен қайта жарату бағдарламасына қатысу үшін қайта
жарату нұсқаулығында берілген жеңіл нұсқауларын (жаңа өнімнің қамсыздандыру
материалдары жіберілген қорабының ішінен табуыңызға болады) орындаңыз немесе
www.hp.com/recycle торабына барыңыз. HP LaserJet баспа қамсыздандыру материалдарын
қалай қайтаруды түсіндіретін ақпарат қажет болса, өзіңіздің ел/аймағыңызды таңдаңыз.
Қағаз
Бұл құрылғы HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP Laserjet принтерлер сериясы үшін
жазылған баспа құралдары туралы) нұсқаулықта берілген талаптарға сəйкес болған жағдайда
қайта пайдаланылған қағаздарды қолдана алады. EN12281:2002 стандартына сай осы құрылғы
қайта пайдаланылған қағазды қолдануға жарамды.
Материалдық шектеулер
Бұл HP бұйымындағы сканер люминесценциялық шамының жəне/немесе басқару панеліндегі
сұйық кристалл дисплейінің құрамында сынап болады, ол пайдалану мерзімі біткеннен кейін
ерекше қатынасты қажет етуі мүмкін.
Осы HP өнімінің құрамында батарея жоқ.
Қалдықтарды өңдеу туралы ақпаратты алу үшін
www.hp.com/recycle сайтына кіріңіз немесе
жергілік органдарға немесе Электроникалық Өнеркəсіп Одағына хабарласыңыз.
www.eiae.org.
Еуропа Одағы аумағындағы жеке үйлерде тұратын
пайдаланушылардың жабдық қалдықтарын тастауы
Өнімде немесе оның орауышында тұрған осы рəміз бұл өнімді басқа тұрмыстық қоқыспен бірге
лақтыруға болмайтындығын білдіреді. Сіз қалдық болып қалған жабдықты электрондық жəне
электр жабдықтарды қайта пайдалануға арналған жинау орнына əкелу үшін жауапты боласыз.
Ескірген жабдықтарды лақтыру кезіндегі бөлек жинау табиғи ресурстарды сақтауға жəне
оларды адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін түрде қайта пайдалануға
көмектеседі. Ескірген жабдықтарды қайта пайдалану үшін қай жерге тастау керектігі туралы
қосымша ақпарат алу үшін қала əкімшілік кеңсесімен, үй қалдықтарын лақтыру қызметімен
немесе бұл өнімді Сізге сатқан дүкенмен хабарласыңыз.
Химиялық заттар
HP компаниясы біздің тұтынушыларымызды REACH (Еуропалық Парламент пен Кеңестің ЕО
нормативтік құжат нөмірі 1907/2006) сияқты заң талаптарымен сəйкес болу қажеттілігімен біздің
өнімдеріміздегі химиялық заттар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл өнімге арналған
химиялық ақпарат есебін мына тораптан табуға болады:
www.hp.com/go/reach.
KKWW Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы 191