HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Қызмет мəзірі
Осы мəзірді стандартты параметрлерді қалпына келтіру, өнімді тазалау жəне басып шығаруға
əсер ететін арнаулы режимдерді қосу үшін пайдаланыңыз. Жұлдызшалары (*) бар элементтер
зауыттық əдепкі параметрді көрсетеді.
Мəзір тармағы Қосымша мəзір тармағы Сипаттама
Тазалағыш бет Баспа шығысында тонер дақтарын немесе
өзгедей таңбаларды көрсеңіз, осы опцияны
өнімді тазалау үшін пайдаланыңыз. Тазалау
процесінде қағаз өтетін жол шаңнан жəне
артық тонерден тазаланады.
Осы элемент таңдалғанда, өнім 1 науаға
таза қағаз салып, тазалау процесін бастау
үшін OK түймешігін басуды ұсынады.
Процесс аяқталғанша күтіңіз. Басып
шығарылатын бетті тастаңыз.
USB жылдамдығы Жоғары*
Ең жоғары
US
B жылдамдығын High (Жоғары) немесе
Full (Толық) етіп қойыңыз. Өнім нақты
жоғары жылдамдықта жұмыс істеуі үшін
оның жоғары жылдамдығы қосылып, жоғары
жылдамдықта жұмыс істейтін EHCI хост
контроллеріне жалғануы тиіс. Оған қоса,
мəзірдің бұл тармағында өнімнің ағымдағы
жылдамдығы көрсетілмейді.
Қағаз бұралуын азайту Қосу
Өшірулі*
Егер басылып шығарылатын беттер үнемі
бұралып қалатын болса, осы параметр
өнімді қағаздың бұралуын азайтатын
режимге қояды.
Ар
хивтік баспа Қосу
Өшірулі*
Егер сіз ұзақ уақыт сақталған беттерді басып
шығаратын болсаңыз, осы параметр өнімді
тонердің жайылуын жəне шаңның пайда
болуын азайтатын режимге қояды.
Кірістірілген
бағдарламаның жасалған
күні
Ағымдағы кірістірілген бағдарламаның күн
кодын көрсетеді.
Стандартты
параметрлерді қалпына
келтіру
Көшірудің барлық арнаулы параметрлерін
зауыттық стандартты мəндерге өзгертеді.
KKWW Қызмет мəзірі 15