HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Mac амалдық жүйесіне арналған бағдарламалық құрал
Mac жүйесі үшін қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Өнім төмендегі Mac операциялық жүйелерді қолдайды:
Mac OS X 10.5, 10.6 жəне кейінгі нұсқалары
ЕСКЕРІМ: Mac OS X 10.5 жəне одан кейінгі нұсқалары үшін PPC жəне Intel® Core™ Processor
Mac жүйелеріне қолдау бар. Mac OS X 10.6 үшін Intel Core Processor Macs пайдалануға
болады.
Mac жүйесіне арналған қолдау көрсетілетін принтер драйверлері
HP LaserJet бағдарламалық құралын орнату бағдарламасы Mac OS X компьютерлерінде
пайдалану үшін PostScript
®
принтер сипаттамалары (PPD) файлдарын жəне принтердің диалог
кеңейтімдерін (PDEs) береді. HP Принтерінің PPD жəне PDE файлдары Apple PostScript
принтер драйверлерімен бірге толық басып шығару функциясын жəне нақты HP Принтерінің
мүмкіндіктеріне қатынауды қамтамасыз етеді.
Mac операцияларық жүйелеріне арналған бағдарламалық құралды
орнату
Өнімге тікелей қосылған Mac компьютерлеріне бағдарламалық құралды орнату
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. A-B түріне жататын USB кабельді пайдаланыңыз. HP
компаниясы USB кабельдің 2 метр ұзын емес болуын ұсынады.
1. Өнім мен компьютерге USB кабелін жалғаңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3. HP орнату бағдарламасының белгішесін басып, бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
4. Құттықтау экранында OK түймешігін басыңыз.
5. Басып шығаратын бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген
бағдарламадан бір бетті басып шығарыңыз.
30 Бап 4 Өнімді Mac амалдық жүйесінде пайдалану KKWW