HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
4. Құттықтау экранында OK түймешігін басыңыз.
5. Бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген бағдарламадан бір
бетті басып шығарыңыз.
Сымсыз желідегі Mac компьютерлеріне арналған бағдарламалық құралды орнату
Өнімнің бағдарламалық құралын орнатпай тұрып, өнім желіге желі кабелі арқылы
жалғанбағанын тексеріңіз.
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
жүйе əкімшісінен сымсыз маршрутизатор желісінің параметрлерін алыңыз немесе келесі
тапсырмаларды орындаңыз:
Сымсыз желі атауын немесе SSID (қызметтер жиынтығының ұқсатқышы) алыңыз.
Сымсыз желі үшін қауіпсіздік кілтсөзін немесе шифрлау кілтін анықтаңыз.
WPS стандарты арқылы өнімді сымс
ыз желіге жалғау
Сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдаса, бұл
өнімді сымсыз желіде орнатудың ең қарапайым жолы.
1. Сымсыз маршрутизатордағы «WPS» түймесін басыңыз.
2. Өнімнің басқару панеліндегі Сымсыз
түймесін екі секунд басып тұрыңыз. «Сымсыз
байланыс» шамы жыпылықтағанша түймені басып тұрыңыз.
3. Өнім сымсыз маршрутизатормен байланыс орнатқанша екі минут күтіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұл əдіс сəтсіз болса, USB кабелі арқылы сымсыз желіні пайдаланып көріңіз.
Басқару панелінің мəзірлерін пайдалана отырып, өнімді WPS арқылы сымсыз желіге жалғау
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдаса, бұл
өнімді сымсыз желіге орнатудың ең қарапайым жолы.
1. Өнімнің алдыңғы жағындағы «Сымсыз байланыс» түймесін басыңыз. Сымсыз байланыс
мəзірі элементінің ашылғанын көру үшін басқару панеліндегі дисплейді қараңыз. Егер ол
ашылмаған болса, келесі қадамдарды орындаңыз:
a. Басқару панелінде OK
түймесін басып, Желіні орнату мəзірін таңдаңыз.
b. Сымсыз байланыс мəзірі элементін таңдаңыз.
2. Wi-Fi қорғалған орнатымы элементін таңдаңыз.
3. Баптауды орнату үшін келесі əдістердің бірін таңдаңыз:
Pushbutton (Түйме): Басу түймешігі опциясын таңдап, басқару панеліндегі
нұсқауларды орындаңыз. Сымсыз байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы
мүмкін.
PIN коды: PIN кодын жасау опциясын таңдаңыз. Өнім, сымсыз м
аршрутизатордың
ба
птау экранында терілетін, бірегей PIN кодын жасайды. Сымсыз байланысты орнату
бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Бұл əдіс сəтсіз болса, USB кабелі арқылы сымсыз желіні пайдаланып көріңіз.
32 Бап 4 Өнімді Mac амалдық жүйесінде пайдалану KKWW