HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
WPS стандарты арқылы өнімді сымсыз желіге жалғау
Сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдаса, бұл
өнімді сымсыз желіде орнатудың ең қарапайым жолы.
1. Сымсыз маршрутизатордағы «WPS» түймесін басыңыз.
2. Өнімнің басқару панеліндегі Сымсыз
түймесін екі секунд басып тұрыңыз. «Сымсыз
байланыс» шамы жыпылықтағанша түймені басып тұрыңыз.
3. Өнім сымсыз маршрутизатормен байланыс орнатқанша екі минут күтіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұл əдіс сəтсіз болса, USB кабелі арқылы сымсыз желіні пайдаланып көріңіз.
Басқару панелінің мəзірлерін пайдалана отырып, өнімді WPS арқылы сымсыз
желіге жалғау
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдаса, бұл
өнімді сымсыз желіге орнатудың ең қарапайым жолы.
1. Өнімнің алдыңғы жағындағы «Сымсыз байланыс» түймесін басыңыз. Сымсыз байланыс
мəзірі элементінің ашылғанын көру үшін басқару панеліндегі дисплейді қараңыз. Егер ол
ашылмаған болса, келесі қадамдарды орындаңыз:
a. Басқару панелінде OK түймесін басып, Желіні орнату мəзірін таңдаңыз.
b. Сымсыз байланыс мəзі
рі элементін таңдаңыз.
2. Wi-Fi қорғалған орнатымы элементін таңдаңыз.
3. Баптауды орнату үшін келесі əдістердің бірін таңдаңыз:
Pushbutton (Түйме): Басу түймешігі опциясын таңдап, басқару панеліндегі
нұсқауларды орындаңыз. Сымсыз байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы
мүмкін.
PIN коды: PIN кодын жасау опциясын таңдаңыз. Өнім, сымсыз маршрутизатордың
баптау экранында терілетін, бірегей PIN кодын жасайды. Сымсыз байланысты орнату
бір
неше минутқа созылуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Бұл əдіс сəтсіз болса, USB кабелі арқылы сымсыз желіні пайдаланып көріңіз.
Өнімді сымсыз желіге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
өнімді сымсыз желіде баптау үшін осы əдісті пайдаланыңыз. Параметрлерді тасымалдау үшін
USB кабелін пайдалану сымсыз байланыстың бапталуын жеңілдетеді. Баптау жұмысы
аяқталғаннан кейін USB кабелін ажыратып, сымсыз байланысты пайдалануға болады.
1. Бағдарламалық құралды дискісін компьютердің дискіжетегіне салыңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Ұсынылған кезде Сымсыз желі арқылы қосылу
опциясын та
ңдаңыз.
Ұсынылған кезде өнімге USB кабелін жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы ұсынбастан USB кабелін жалғамаңыз.
44 Бап 5 Өнімді жалғау KKWW