HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
3. Орнату аяқталған кезде өнімнің SSID атауы бар екенін тексеру үшін конфигурация бетін
басып шығарыңыз.
4. Орнату аяқталған кезде USB кабелін ажыратыңыз.
Қазіргі уақытта желідегі сымсыз өнім үшін бағдарламалық құралды орнату
Өнімнің сымсыз желіде бұрыннан IP мекенжайы болып, компьютерге өнімнің бағдарламалық
құралын орнату керек болса, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің IP мекенжайын алу үшін өнімнің басқару панелінен конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Ұсынылғанда Сымсыз желі арқылы қосылу опциясын таңдап, одан кейін Келесі
түймесін басыңыз.
5. Қол жетімді принтерлер тізімінен IP
мекенжайы дұрыс болатын принтерді таңдаңыз.
Сымсыз желіден ажырату
Егер сіздің өнімді сымсыз желіден ажыратқыңыз келсе, өнімдегі сымсыз құрылғыны өшіруге
болады.
1. Өнімнің басқару панелінде сымсыз байланыс түймесін басыңыз.
2. Сымсыз құрылғы өшірілгенін растау үшін Желінің қысқаша қорытындысы бетін Есептер
мəзірінен басып шығарып, сымсыз функциясы өшірілген болып тізілгенін тексеріңіз.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан,
сондай-ақ микротолқынды жəне сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік
құрылғылардан аулақ ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған жəне басқа құрылыс құрылымдарынан
аулақ ұстаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сіңіріп,
сигнал күшін азайтуы мүмкін.
Сымсыз марштуризаторды желідегі сымсыз өнімдермен бір сызықта ортада
орналастырыңыз.
Кеңейтілген сымсыз байланысты орнату
Сымсыз байланыс режимдері
Екі сымсыз байланыс режимінің біреуін пайдалануға болады: инфрақұрылым немесе тар сала.
KKWW Желіге қосу 45