HP LaserJet Pro CP1520 - User Manual

Table Of Contents
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
Енгізілген веб-серверін IP конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін
пайдаланыңыз.
1. Конфигурациялау бетін басып шығарып, IP мекенжайын табыңыз.
Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол
келесідей қалыпта болады:
xxx.xxx.xxx.xxx
Егер сіз IPv6, пайдаланып отырған болсаңыз, IP мекенжайы таңбалар мен сандардың
оналтылық тіркестерінен тұрады. Оның форматы мынаған ұқсас:
xxxx::xxxx:xxxx:xxxx:xxxx
2. Өнімнің IP мекенжайын веб-браузердің мекенжай жо
лы
на енгізіп, енгізілген веб-серверді
ашыңыз.
3. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Сіз
параметрлерді қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.
Өнім кілтсөзін орнату немесе өзгерту
Желідегі өнімге кілтсөз орнату немесе оны өзгерту үшін HP компаниясының ендірілген веб-
серверін пайдаланыңыз.
1. Веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын теріңіз. Желіге қосылу
қойындысын ашып, Қауіпсіздік сілтемесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер кілтсөз алдын ала орнатылған болса, сізге кілтсөзді теру ұсынылады.
Кілтсөзді енгізіп, Қолдану батырмасын басыңыз.
2. Жаңа кілтсөз жəне Кілтсөзді тексеру жолдарында жаңа құпия сөзді енгізіңіз.
3. Кілтсөзді сақтау үшін терезенің төменгі жағындағы Қолдану батырмасын басыңыз.
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару панелін қолмен конфигурациялау.
1. Басқару панеліндегі Орнату түймешігін басыңыз.
2. Желі конфигурациясы опциясын таңдап алу үшін көрсеткіш түймешіктерін пайдаланып,
OK түймешігін басыңыз.
3. TCP/IP конфигурациясы опциясын таңдап алу үшін көрсеткіш түймешіктерін пайдаланып,
OK түймешігін басыңыз.
4. Manual (Қолмен орындалатын) опциясын таңдап алу үшін көрсеткіш түймешіктерін
пайдаланып, OK түймешігін басыңыз.
5. IP мекенжайын енгізу үшін əріптік-сандық түймелерді пайдаланып, OK түймесін басыңыз.
6. Ег
ер IP мекенжайы қате болса, Жоқ опциясын таңдау үшін көрсеткі түймелерді
пайдаланып, OK түймесін басыңыз. 5-қадамды дұрыс IP адресін енгізіп қайталаңыз, содан
кейін желі бөлігінің маскасы мен стандартты шлюз параметрлері үшін 5-қадамды
қайталаңыз.
48 Бап 5 Өнімді жалғау KKWW