HP Color LaserJet Pro M351 / M451 - Getting Started Guide
2
4. Қосылым әдісін таңдау және бағдарламалық құралды орнатуға дайындалу
Өнім мен компьютер арасындағы
тікелей USB қосылымы
A-B түріне жататын USB кабелін пайдаланыңыз.
Windows
1. Windows 7 немесе одан төменгі нұсқа үшін бағдарламалық
құралды орнатпас бұрын USB кабелін жалғамаңыз. Орнату
барысында уақыты келгенде кабельді жалғау туралы нұсқау
беріледі. Кабель қосылып қойған болса, орнату кабельді қосуды
ескерткен кезде принтерді қайта іске қосыңыз.
2. «5. Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе
жүктеп алу» бөліміне өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бағдарламалық құралды орнату кезінде Directly
connect this computer using a USB cable (Бұл компьютерді
USBкабелін пайдаланып тікелей қосу) опциясын таңдаңыз.
Mac
1. Бағдарламалық құралды орнатпас бұрын компьютер мен
принтерді USB кабелі арқылы жалғаңыз.
2. «5. Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе
жүктеп алу» бөліміне өтіңіз.
Кірістірілген сымсыз желі қосылымы
(текM451dw және M451nw сымсыз үлгілері)
USB кабелін пайдаланып қосу
1.
Бағдарламалық құралдың ықшам дискісін компьютерге салып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сұралған кезде, Connect
through a wireless network option (Сымсыз желі арқылы қосылу)
параметрін таңдаңыз. Ұсынылған кезде өнімге USB кабелін жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы ұсынбастан USB кабелін
жалғамаңыз.
2. Орнату аяқталған кезде өнімнің SSID атауы бар екенін тексеру үшін
конфигурация бетін басып шығарыңыз.
3. Орнату аяқталған кезде USB кабелін ажыратыңыз.
Басқару тақтасының мәзірлерін пайдаланып қосу
1.
Өнімнің алдыңғы жағындағы Wireless (Сымсыз байланыс) түймесін
басыңыз. Wireless Menu (Сымсыз байланыс мәзірі) элементінің
ашылғанын көру үшін басқару тақтасының дисплейін қараңыз.
Егер ол ашылмаған болса, келесі қадамдарды орындаңыз:
а. Басқару тақтасында мәзірлерді ашу үшін OK түймесін басыңыз.
ә. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
• Network Setup (Желіні орнату)
• Сымсыз байланыс мәзірі
2. WPS Setup (WPS параметрлерін орнату) опциясын таңдаңыз.
3. Параметрлерді орнату үшін келесі әдістердің бірін таңдаңыз:
• Pushbutton (Түйме): Pushbutton (Түйме) опциясын таңдап,
басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз. Сымсыз
байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
• PIN: Generate PIN (PIN кодын жасау) опциясын таңдаңыз.
Принтер сымсыз маршрутизатордың орнату экранында
терілетін, бірегей PIN кодын жасайды. Сымсыз байланысты
орнату бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл әдіс сәтсіз болса, USB кабелі арқылы сымсыз желіні
пайдаланып көріңіз.
Компьютерден басып шығару үшін, «5.Locate or download the software
installation les» (Бағдарламалық құралды орнату файлдарын
табу немесе жүктеп алу) опциясын таңдаңыз. Тек телефоннан немесе
планшеттен басып шығару үшін «7.Мобильді және сымсыз басып
шығару» (қосымша) бөліміне өтіңіз.
IP мекенжайын қолмен конфигурациялау
www.hp.com/support/LJColorM351 немесе www.hp.com/support/LJColorM451
IP мекенжайын қолмен теңшеу жолы туралы ақпаратты принтердің
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Сымды (Ethernet) желі қосылымы
Стандартты желі кабелін пайдаланыңыз.
1. Желі кабелін принтерге және желіге жалғаңыз. Өнімді қосыңыз
және жалғастырмастан бұрын 60 секунд күтіңіз. Бұл уақытта
желі принтерді анықтап, оған IP мекенжайын немесе хост атын
тағайындайды.
IP мекенжайын қолмен конфигурациялау үшін «IP мекенжайын
қолмен конфигурациялау» бөлімін қараңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасында OK түймесін басыңыз.
3. Reports (Есептер) мәзірін бөлектеу үшін оң жақ
көрсеткіні4басыңыз, одан кейін OK түймесін басыңыз.
4. Cong Report (Конфигурация есебі) мәзірін бөлектеу үшін оң жақ
көрсеткіні4басыңыз, одан кейін OK түймесін басыңыз.
5. Self Test/Conguration (Өзіндік тексеру/конфигурация) бетінен
IPмекенжайын табыңыз. Мысал IP мекенжайы: 192.168.0.1
6. «5. Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе
жүктеп алу» бөліміне өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бағдарламалық құралды орнату кезінде Connect
through a network (Желі арқылы қосылу) параметрін таңдаңыз.
Принтердің ықшам дискісінен орнату
OS X және Windows 8 немесе одан жаңа нұсқасы үшін негізгі баспа драйверлері
компьютерге қосылған.
Толық дайын бағдарламалық құралды өнімнің ықшам дискісінен орнатыңыз
немесе интернеттен жүктеп алыңыз.
Орнату бойынша ескертпелер
Принтердің бағдарламалық құралы туралы қосымша мәліметтерді
принтердің ықшам дискісіндегі Install Notes (Орнату бойынша ескертпелер)
файлынан қараңыз.
Интернеттен жүктеу
1. www.hp.com/support/LJColorM351 немесе
www.hp.com/support/LJColorM451 бетіне өтіңіз.
2. Download options (Жүктеп алу опциялары) астында drivers (драйверлер),
software & rmware (бағдарламалық құрал және аппараттық құрал)
тармағын басыңыз, одан кейін тиісті операциялық жүйені таңдаңыз.
3. Пайдаланылатын бағдарламалық құрал опциясын анықтаңыз, одан кейін
оның жанындағы Download (ЖҮКТЕП АЛУ) түймесін басыңыз.
5. Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе жүктеп алу