HP Color LaserJet Pro M351 / M451 - Getting Started Guide
5
Сымды (Ethernet) желі қосылымы
• Дұрыс ұзындықтағы кабельді пайдаланып, принтердің дұрыс желілік
портқа жалғанғанын тексеріңіз.
• Желі портының жанындағы шамның жанып тұрғанын тексеріңіз.
• Компьютерде баспа драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
• Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз:
Windows
Start (Бастау) > Run (Іске қосу)
тармағын таңдаңыз. cmd деп теріп
Enter пернесін басыңыз. «Ping» деп теріңіз, бос орын енгізіңіз,
принтердің IP мекенжайын теріңіз, одан кейін Enter пернесін басыңыз.
Мысал IP мекенжайы: 192.168.0.1
OS X
Желі утилитасын ашып, ping аймағына
IP мекенжайын теріңіз. Enter
пернесін басыңыз. Мысал IP мекенжайы: 192.168.0.1
• Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс
істейді.
• Егер ping жұмыс істемесе, принтерді қайта іске қосып, қосылым
қадамдарының барлығын қайтадан тексеріп көріңіз.
Сымсыз желі қосылымы (тек M451dw және
M451nw сымсыз үлгілері)
• Желі кабелінің қосылмағанын тексеріңіз. Желі кабелі қосылып
тұрғанда, принтер сымсыз желіге қосыла алмайды.
• Принтер мен сымсыз маршрутизатордың қосулы және қуаты бар
екенін тексеріңіз. Сымсыз қосқыштың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
• Принтер сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген
желілер үшін принтер сымсыз кіру нүктесінің (сымсыз маршрутизатор)
30 м (100 фут) ауқымында болуы тиіс.
• Компьютерде баспа драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
• Компьютер мен принтердің бірдей сымсыз желіге қосылғанын
тексеріңіз.
• Mac үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін
қолдайтындығын тексеріңіз.
• Сымсыз маршрутизаторды қайта іске қосыңыз.
Өнім ерекшеліктері
Кәсіби сапалы құжаттарды керемет мәнде басып шығарыңыз.
• Басып шығару жылдамдығы: A4 өлшемді қағазда минутына (парақ/минут) 18 парақ және
Letter өлшемді қағазда 19 парақ/мин. басып шығарады
Пайдаланушылар тарапынан қалдық жабдықты тастау
Бұл таңба өнімді басқа үй қоқысымен тастауға болмайтындығын білдіреді.
Оның орнына қалдық жабдықты пайдаланылған электрлік және электрондық
жабдықтарды өңдеу үшін жинайтын арнайы орынға тапсыру арқылы адам
денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауыңыз керек. Қосымша ақпарат алу
үшінүй қоқысын тастау қызметіне хабарласыңыз немесе мына торапқа өтіңіз:
www.hp.com/recycle.
Химиялық заттар
HP компаниясы пайдаланушыларға өнімдеріміздің құрамындағы REACH (Еуропалық одақ пен
ЕО кеңесінің ЕС № 1907/2006 ережесі) сияқты заңды талаптарға сәйкес келуі қажет химиялық
заттар туралы ақпарат беру бойынша міндеттемені мойнына алады. Осы өнімге арналған
химиялық мәліметтер есебін мына жерден табуға болады: www.hp.com/go/reach.
Өнімді өндіру күні
Принтер өндірілген жылды және айды анықтау үшін өнімдегі жапсырманы қараңыз және
тізімде өндірілген күнді табыңыз.