HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide

5. Арнаулы өлшемнің атын теріп, өлшемдерін көрсетіңіз.
Ені - қағаздың қысқа жиегі.
Ұзындығы - қағаздың ұзын жиегі.
ЕСКЕРІМ: Науаларға əрқашан қағазды бірінші қысқа жиегімен жүктеңіз.
6. OK түймешігін басып, одан кейін OK жиекбелгісінде Қағаз/сапа түймешігін басыңыз.
Принтер драйверін келесі ашқанда қағаз өлшемдерінің тізімінде арнаулы бет өлшемі
пайда болады.
Windows жүйесінде қағаз түрін таңдау
1. Бағдарламадағы File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. Қағаз түрі ашылмалы тізіміндегі Қосымша... опциясын таңдаңыз.
5. Түрі: опциялардың тізімін кеңейтіңіз.
6. Қағазыңызды жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын кеңейтіп, пайдаланылатын
қағаз түрін таңдаңыз.
Windows жүйесінде қағаз түрін таңдау
1. Бағдарламадағы File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. Қағаз көзі ашылмалы тізімінен науаны таңдаңыз.
Windows жүйесімен екі жағына басып шығару (дуплекс)
Windows жүйесімен екі жағына басып шығару
1. Бағдарламадағы Файл мəзірінен Печать
(Басып шығару) тармағын таңдаңыз.
KKWW
Windows жүйесіндегі негізгі басып шығару тапсырмалары
97