HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide
HP EasyColor опциясын пайдалану
Windows амалдық жүйесіне арналған HP PCL 6 принтер драйвері қолданылғанда,
HP EasyColor технологиясы Microsoft Office бағдарламаларынан басылып шыққан аралас
мазмұнды құжаттарды автоматты түрде жақсартады. Бұл технология құжаттарды сканерлейді
жəне .JPEG немесе .PNG форматындағы фотосуреттерді автоматты түрде реттейді.
HP EasyColor технологиясы бүкіл суретті бірнеше бөлікке бөлмей-ақ, бір уақытта жетілдіреді.
Нəтижесінде түс сəйкестігі жақсарып, детальдардың аны
қтығ
ы жəне басып шығару
жылдамдығының артуы қамтамасыз етіледі.
Mac жүйесіне арналған HP Postscript принтерінің драйверін пайдалансаңыз, HP EasyColor
технологиясы автоматты түрде барлық құжаттарды сканерлеп, барлық фотосуреттерді бірдей
жақсартылған фотографиялық нəтижелермен реттейді.
Келесі мысалда, сол жақтағы суреттер HP EasyColor опциясы пайдаланбастан жасалған. Оң
жақтағы суреттер HP EasyColor опциясын пайдалану нəтижесіндегі жақсартуларды көрсетеді.
HP EasyColor параметрі HP PCL 6 жəне HP Mac Postscript принтер драйверлерінде əдепкі
бойынша қосылған, сондықтан түс реттеулерін қолмен жасаудың керегі жоқ. Түс параметрлерін
қолмен реттеу мақсатымен бұл параметрді өшіру үшін, Windows драйверінде Түс немесе Mac
драйверінде Түс/сапа параметрлері қойындысын ашып, HP EasyColor құсбелгісін қойыңыз.
KKWW
HP EasyColor опциясын пайдалану
121