HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide

ЕВС беттері мен басқару тақтасының хабарлары көрсетілетін тілді таңдаңыз
Желі конфигурациясын көру жəне өзгерту
Өнімнің қауіпсіздік кілтсөзін енгізеді, өзгертеді немесе өшіреді.
ЕСКЕРІМ: ЕВС қызметінде желі параметрлерін өзгерту өнімнің кейбір бағдарламалық
құралдарын немесе мүмкіндіктерін өшіруі мүмкін.
HP Web Jetadmin бағдарламалық құралын
пайдалану
HP Web Jetadminжеліге қосылған түрлі HP құрылғыларын, соның ішінде принтерлерді, көп
қызметті өнімдерді, сандық жіберу құралдарын тиімді реттеуге арналған жоғары марапаттарға
ие, алдыңғы қатарлы құрал. Осы шешім ғана қашықтан орнату, бақылау, техникалық қызмет
көрсету, ақауларды жою жəне басып шығару мен кескіндеу ортасын қауіпсіз ету мүмкіндіктерін
береді. Солай уақытты үнемдеуге, ш
ығы
ндарды басқаруға жəне салымдарды қорғауға
көмектесіп, бизнес өнімділігін арттырады.
Белгілі бір өнім мүмкіндіктерін қолдау мақсатында HP Web Jetadmin жаңартулары жасалып
отырады. Жаңартулар туралы қосымша мəліметтер керек болса,
www.hp.com/go/webjetadmin
торабына кіріп, Self Help and Documentation (Өзіндік анықтама мен құжаттама) сілтемесін
басыңыз.
Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Бұл өнім қауіпсіздікті сақтауға, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға жəне өнімді
бақылап, оған техникалық қызмет көрсету жолдарын жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік
стандарттарын жəне ұсынылған протоколдарды қолдайды.
HP компаниясының қауіпсіздік бейнені өңдеу жəне басып шығару шешімдері жөнінде толық
ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торапта қауіпсіздік
мүмкіндіктері жөніндегі ақ беттерге жəне ЖҚС құжаттарына сілтемелер береді.
Жүйе кілтсөзін орнату
Рұқсатсыз пайдаланушылардың өнім параметрлерін өзгерте алмауы үшін енгізілген веб
серверіне өтуге арналған кілтсөзді орнату.
1. Өнімнің IP мекенжайын веб браузердің мекенжай жолына енгізіп, енгізілген HP веб-серверін
ашыңыз.
2. Параметрлер жиекбелгісін басыңыз.
3. Терезенің сол жағындағы Қауіпсіздік мəзірін ашыңыз.
4. Device Security Settings (Құрылғының қауіпсіздік параметрлері) мəзіріндегі
Конфигурациялау . . түймесін ба
сыңыз.
126
Бап 10 Ба
сқару жəне күту KKWW