HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide

Жалпы проблемаларды шешудің тексеру тізімі
1. Өнімнің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
а. Өнімді қосу үшін немесе Auto-Off (автоматты өшіру) режимін өшіру үшін қуат түймесін
басыңыз.
ə. Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
б. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына дұрыс екенін тексеріңіз. (Кернеу
талаптары жөнінде өнімнің артқы жағындағы белгіден қараңыз.) Егер сіз қуат қалыбын
қолданып, оның кернеу тала
птары ерекшеліктерге сай болмаса, өнімді тікелей қорек
розеткасына қосыңыз. Егер ол қорек розеткасына қосылып тұрған болса, басқа
розеткаға қосып көріңіз.
в. Егер осы əрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету
қызметімен байланысыңыз.
2. Кабельді тексеріңіз.
а. Өнім мен компьютердің арасындағы кабель жалғауын тексеріңіз. Жалғаудың қауіпсіз
екеніне көз жеткізіңіз.
ə. Мүмкін болс
а, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
б. Желі байланысын тексеру (тек желілік модельдеріне арналған): Желі шамының
жанғанын тексеріңіз. Желі шамы өнім артындағы желі портының қасында орналасқан.
Егер өнім желіге қосылмай қалса, өнімді жойып, қайта орнатыңыз. Қате қайталана
берсе, желі əкімшісіне хабарлаңыз.
3. ба
сқару тақ
тасының дисплейінде басқа хабарлардың бар-жоғын қараңыз.
4. Пайдаланылатын қағаздың сипаттамаларға сай екеніне көз жеткізіңіз.
5. Қағаздың кіріс науасына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
6. Өнімнің бағдарламалық құралының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
7. Бұл өнім үшін принтер драйвері орнатылғанын жəне осы өнім бар принтерлер тізімінен
таңдалғанын тексеріңіз.
8. Конфигурациялау бетін ба
сып шығар
ыңыз.
а. Егер бет басып шығарылмаса, кіріс науасында қағаз бар екенін жəне қағаз дұрыс
салынғанын тексеріңіз.
ə. Баспа картриджінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
KKWW
Жалпы проблемаларды шешудің тексеру тізімі
141