HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide

Басқару панеліндегі хабарларды аудару
Басқару панеліндегі хабарлардың түрлері
Басқару панелінің хабарлары өнімнің ағымдағы күйін немесе араласуды қажет ететін
жағдайларды көрсетеді.
Сигналдық жəне ескерту хабарлары уақытша шығады жəне сізден тапсырманы қалпына
келтіру үшін OK түймешігін басу арқылы немесе бас тарту үшін Болдырмау
түймешігін басу
арқылы растауды талап етуі мүмкін. Белгілі бір ескертулер шыққанда, тапсырма бітпей қалуы
мүмкін немесе басып шығару сапасы төмендеуі мүмкін. Егер сигналдық немесе ескерту хабары
басып шығаруға қатысты болса, жəне автоматты жалғастыру функциясы қосылған болса,
ескерту хабары 10 секундқа шыққаннан кейін өнім басып шығару тапсырмасын растаусыз
жалғастыруға əрекет жасайды.
Төтенше қа
тел
ер туралы хабарлар ақаудың кейбір түрін көрсете алады. Қуат көзінен өшіру
жəне қосу мəселені анықтауы мүмкін. Егер төтенше қателер жойылмаса, өнімге жөндеу қажет
етілуі мүмкін.
Басқару панелінің хабарлары
# науаға <ТҮРІ> <ӨЛШЕМІ> салу
Сипаттамасы
Науа басып шығару тапсырмасы қажет ететін қағаздың түрі мен өлшеміне
конфигурацияланған, бірақ ол науа бос.
Ұсынылатын əрекет
Лайықты қағазды науаға салыңыз немесе басқа науадағы қағазды пайдалану үшін OK түймесін
басыңыз.
# науасындағы күтпеген өлшем <size> салыңыз [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Өнім науа ішінен сол науа конфигурациясына сəйкес келмейтін қағазды анықтады.
Ұсынылатын əрекет
Науаға дұрыс қағазды салыңыз немесе науаны жүктеген өлшемге конфигурациялаңыз.
#-науа ішіндегі кептелу Кептелуді тазалап, одан кейін [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Өнім кептелуді анықтады.
144
Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW