HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide

Ұсынылатын əрекет
Оңтайлы басып шығару сапасын қамтамасыз ету үшін HP компаниясы осы кезде баспа
картриджін ауыстыруға кеңес береді. Хабар баспа сапасының төмендеуіне əкеп соққанша
басып шығаруды жалғастыра бере аласыз. Картридждің қалған нақты қызмет көрсету мерзімі
əртүрлі болуы мүмкін.
HP жабдығы «өте төмен» күйге жеткенде, HP компаниясының жоғары қорғау кепілдігінің мерзімі
аяқталады. Барлық басып ш
ығару ақаулары мен картридждердің бүлінулері HP жабдықтарын
картридж таусылғандығын елемеу күйінде пайдаланғанда орын алса, НР баспа картридждеріне
кепілдік беру мəлімдемесі бойынша жабдықтарының немесе өндіру сапасының ақауы ретінде
қарастырылмайды.
Басылмады, ОК түймешігін басыңыз. Қате қайта пайда болса, өшіріп, қайта
қосыңыз.
Сипаттамасы
Өнім бетті өңдей алмайды.
Ұсынылатын əрекет
Тапсырманы басып шығаруды жалғастыру үшін OK түймешігін басыңыз. Алайда, бұл шығаруға
əсер етуі мүмкін.
Егер қате жойылмаса, қоректі өшіріп, қайта қосыңыз. Баспа тапсырмасын қайта жіберіңіз.
Драйвер жарамсыз [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Сіз принтердің дұрыс емес драйверін қолданып отырсыз.
Ұсынылатын əрекет
Дұрыс принтер драйверін таңдаңыз.
Жабдықтар дұрыс емес
Сипаттамасы
Біреуден көп баспа картриджі дұрыс емес слотқа орнатылған.
Ұсынылатын əрекет
Əр баспа картриджінің дұрыс ұяға орнатылғанын тексеріңіз. Алдынан артқа қарай баспа
картридждері келесі ретімен орнатылды: қара, көгілдір, ашық қызыл, сары.
Жабдықтар мөлшері аз
Сипаттамасы
Біреуден көп жабдықтардың мөлшері төмен.
KKWW
Басқару панеліндегі хабарларды аудару
151