HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide
HP жабдығы «өте төмен» күйге жеткенде, HP компаниясының жоғары қорғау кепілдігінің мерзімі
аяқталады. Барлық басып шығару ақаулары мен картридждердің бүлінулері HP жабдықтарын
картридж таусылғандығын елемеу күйінде пайдаланғанда орын алса, НР баспа картридждеріне
кепілдік беру мəлімдемесі бойынша жабдықтарының немесе өндіру сапасының ақауы ретінде
қарастырылмайды.
Қате басу [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Қағаз өнім арқылы өту кезінде кідірді.
Ұсынылатын əрекет
Тазарту үшін OK басыңыз.
Бұл мəселенің алдын алу үшін, мына шешімдерді орындаңыз:
1. Науадағы қағаз бағыттауыштарын реттеңіз. Алдыңғы қағаз бағыттауышының қағазды
науаның артқы шетіне қарай итеріп тұрғанын тексеріңіз.
2. HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдаланыңыз. Қағазды түпнұсқа қаптамада
жабық күйде сақтаңыз.
3. Өн
імді осы өнім үшін қо
ршаған орта ерекшеліктеріне сай келетін жерде пайдаланыңыз.
Қолдау көрсетілмейтін <color> Жалғастыру үшін, [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Өнім HP компаниясы шығармаған тонер картриджін анықтады.
Ұсынылатын əрекет
Баспаны жалғастыру үшін, OK түймешігін басыңыз.
Сатып алынған жыбдықтың НР өнімі екеніне сенімді болсаңыз,
www.hp.com/go/anticounterfeit
сайтына өтіңіз. Қолдау көрсетілмейтін жабдықтарды пайдалану нəтижесінде талап етілетін
қызмет көрсету мен жөндеулер HP кепілдігіне кірмейді.
Қолмен дуплекстеу <X>-науаға қағаз салыңыз [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Дуплексті тапсырманың бір жағы басылып шығарылды жəне бет екінші жағын өңдеуге жүктелуі
тиіс.
Ұсынылатын əрекет
Бетті көрсетілген науаға басылатын бетін жоғары жəне беттің жоғарғы жағын өзіңізден ары
қаратып салыңыз да, OK түймешігін басыңыз.
154
Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW