HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide
Баспа сапасын жақсарту
Баспа сапасына байланысты мəселелердің көбін келесі нұсқауларды орындап, алдын
алуыңызға болады.
●
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін қолданыңыз.
●
Принтер драйверіндегі түс параметрлерін реттеу
●
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
●
Тазалағыш бетті басып шығару
●
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
●
Баспа картридждерін тексеру
●
Басып шығару қажеттіліктеріне жақсы сəйкес келетін принтер драйверін пайдалану
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін
қолданыңыз.
Төмендегі ақаулықтар туындаса, қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:
●
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
● Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
● Басып шығарылған беттер мыжылған.
●
Тонер басып шығарылған беттерді бояйды.
●
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
Windows жүйесі үшін қағаз түрінің параметрін өзгерту
1. Бағдарламадағы Файл мəзірінен Печать (Басып шығару) тармағын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3. Қағаз/сапа қойындысын басыңыз.
4. Қағаз түрі ашылмалы тізімінен Қосымша... опциясын таңдаңыз.
5. Түрі: опцияларының тізімін жайыңыз.
6. Қолданыстағы қағаз түрін тапқанша қағаз түрлерінің əрбір санатын шығарып алыңыз.
7. Қолданыстағы қағаздың тү
ріні
ң параметрін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
168
Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW