HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Төмендегі ақаулықтар туындаса, басқа қағазды пайдаланыңыз:
● Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
●
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
● Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
● Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
●
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Əрдайым осы өнім қолдайтын қағаз түрін жəне салмағын пайдаланыңыз. Қосымша ретінде,
қағазды таңдаған ке
зде осы нұс
қауларды пайдаланыңыз:
●
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін жəне кесілмегенін,
кертік салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз
еместігін, қапсырмалардың жоқтығын жəне шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп
қалмағанын тексеріңіз.
●
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
● Лазерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде
пайд
алануға арналған қағазды пайдаланбаңыз.
●
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып
шығару нəтижелерін береді.
Тазалағыш бетті басып шығару
Төмендегі мəселелерді кез келгені болғанда шаңды жəне артық тонерді алып тастау үшін
тазалағыш бетті басып шығарыңыз:
● Басып шығарған беттердегі тонер дақтары.
●
Тонер басып шығарған беттерге жағылған.
● Басып шығарған беттерде қайталанатын дақтар шығады.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
171