HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide
●
Принтер драйверлері компьютерде орнатылған.
● Дұрыс принтер портын таңдадыңыз.
● Компьютер жəне өнім бірдей сымсыз желіге қосылады.
Басқару панелі хабарды көрсетеді: Осы өнімдегі сымсыз мүмкіндік
өшірілген
▲ Сымсыз мəзірін ашу үшін өнімде сымсыз түймесін басыңыз, содан кейін сымсыз радионы
қосыңыз.
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін өнім басып
шығармайды
1. Өнімнің қосылғанын жəне оның жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
2. Дұрыс сымсыз желіге қосылғаныңызды тексеріңіз.
3. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
а. Желі конфигурациясы мəзірін ашып, Сымсыз байланыс мəзірі элементін ашыңыз.
ə. Сымсыз желіні тексеру үшін, Желіні тексеру элементін таңдаңыз. Өнім есепті
нəтижелермен бірге басып шығарады.
4. Дұрыс порт нем
есе өнім та
ңдалғанын тексеріңіз.
а. Компьютердегі принтерлер тізімінен, өнімнің атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Properties (Сипаттар) параметрін таңдап, Ports (Порттар) қойындысын
ашыңыз.
ə. Virtual printer port for USB (USB үшін виртуалды принтер порты) параметрі жанына
құсбелгі қойылғанын тексеріңіз.
5. Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іс
ке
қосыңыз.
Өнім басып шығармайды жəне компьютерде үшінші тараптың
желіаралық қалқаны орнатылған
1. Желіаралық қалқанды өндірушіде бар ең соңғы жаңартумен жаңартыңыз.
2. Егер бағдарламалар өнімді орнату немесе басып шығару кезінде желіаралық қалқанға кіру
мүмкіндігін сұраса, бағдарламалардың іске қосылуына рұқсат бергеніңізді тексеріңіз.
3. Желіаралық қалқанды уақытша өшіріп, компьютерге сымсыз өнімді орнатыңыз. Сымсыз
орнатуды аяқтағаннан кейін желіаралық қалқанды қосыңыз.
182
Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW