HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide
Қағаз
Бұл құрылғы HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP Laserjet принтерлер сериясы үшін
жазылған баспа құралдары туралы) нұсқаулықта берілген талаптарға сəйкес болған жағдайда
қайта пайдаланылған қағаздарды қолдана алады. EN12281:2002 стандартына сай осы
құрылғы қайта пайдаланылған қағазды қолдануға жарамды.
Материалдарға қойылатын шектеулер
Осы HP өнімінің құрамында сынап жоқ.
Осы HP өнімінің құрамында батарея жоқ.
Еуропа Одағы аумағындағы жеке үйлерде тұратын
пайдаланушылардың жабдық қалдықтарын тастауы
Өнімде немесе оның орауышында тұрған осы рəміз бұл өнімді басқа тұрмыстық қоқыспен бірге
лақтыруға болмайтындығын білдіреді. Сіз қалдық болып қалған жабдықты электрондық жəне
электр жабдықтарды қайта пайдалануға арналған жинау орнына əкелу үшін жауапты боласыз.
Ескірген жабдықтарды лақтыру кезіндегі бөлек жинау табиғи ресурстарды сақтауға жəне
оларды адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін түрде қайта пайд
алануға
көмектеседі. Ескірген жабдықтарды қайта пайдалану үшін қай жерге тастау керектігі туралы
қосымша ақпарат алу үшін қала əкімшілік кеңсесімен, үй қалдықтарын лақтыру қызметімен
немесе бұл өнімді Сізге сатқан дүкенмен хабарласыңыз.
Химиялық заттар
HP компаниясы біздің тұтынушыларымызды REACH (Еуропалық Парламент пен Кеңестің ЕО
нормативтік құжат нөмірі 1907/2006) сияқты заң талаптарымен сəйкес болу қажеттілігімен
біздің өнімдеріміздегі химиялық заттар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл өнімге
арналған химиялық ақпарат есебін мына тораптан табуға болады:
www.hp.com/go/reach.
Материалдардың қауіпсіздігі туралы мəліметтер парағы (MSDS)
Құрамында химиялық заттар бар (мысалы, тонер) қамсыздандыру материалдарының Зат
Қауіпсіздік Паспортын (МҚП) HP компаниясының
www.hp.com/go/msds немесе www.hp.com/
hpinfo/community/environment/productinfo/safety веб-торабынан алуыңызға болады.
210
Қосымша в Нормативтік ақпарат KKWW