HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide

Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер мен
принтер драйверлері
Өнім келесідей Windows операциялық жүйелерін қолдайды:
Windows XP (32 биттік, 2-жаңарту бумасы)
Windows Server 2003 (32 биттік, 3-жаңарту бумасы)
Windows Server 2008 (32 биттік жəне 64 биттік)
Windows Vista (32 биттік жəне 64 биттік)
Windows 7 (32 бит жəне 64 бит)
Өнім төмендегі Windows принтер драйверлерін қолдайды:
HP PCL 6 (бұлөнімнің ық
шам дискіс
індегі əдепкі принтер драйвері)
HP Universal Print Driver for Windows Postcript (Windows Postscript тіліне арналған HP əмбебап
басып шығару драйвері)
HP Universal Print Driver for PCL 5 (PCL 5 тіліне арналған HP əмбебап принтер драйвері)
Принтер драйверлерінде жалпы баспа тапсырмаларының нұсқауларын қамтитын жəне принтер
драйверіндегі түймешіктер, құсбелгі ұялары мен ашылмалы тізімдерді с
ипаттай
тын желідегі
Анықтама болады.
ЕСКЕРІМ: Əмбебап принтер драйвері (UPD) туралы толық ақпаратты www.hp.com/go/upd
торабынан қараңыз.
Windows жүйесіне арналған дұрыс принтер
драйверін таңдаңыз
Принтер драйверлері өнім мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді жəне компьютерге
өніммен (принтер тілі арқылы) байланасуға мүмкіндік береді. Төмендегі драйверлерді
www.hp.com/go/LJColorM351_software немесе www.hp.com/go/LJColorM451_software
торабынан алуға болады.
HP PCL 6 драйвері Əдепкі драйвер ретінде берілген. Басқа бір драйвер таңдамасаңыз, осы
драйвер автоматты түрде орнатылады.
Барлық Windows орталары үшін ұсынылады
Пайдаланушылардың көбісіне толық оңтайлы жылдамдық пен өнім
мүмкіндігі қолдауын қамтамасыз етеді
Windows орталарындағы ең жақсы жылдамдық үшін Windows Graphic
Device Interface (GDI) интерфейсімен теңесетін етіп əзірленген
PCL 5 драйверіне негізделген үшінші тарап жəне бейі
мделген
бағдарламалық құралдарымен толық үйлеспеуі мүмкін
22
Бап 3 Windows жүйесіне арналған бағдарламалық құрал KKWW