HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide

Properties (Принтердің сипаттары) тілқатысу терезелерінде өзгертілген параметрлерден
басқа барлық баспа тапсырмаларында қолданылатын параметрлер анықталады.
Принтер басқару тақтасының параметрлері: Принтердің басқару тақтасында
өзгертілген параметрлердің басымдығы басқа жерлерде енгізілген өзгерістерден төмен
болады.
Mac амалдық жүйесіндегі принтер драйверінің параметрлерін өзгерту
Бағдарламалық құрал жабылғанша принтердің барлық тапсырмаларының
параметрлерін өзгерту
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару түймешігін басыңыз.
2. Керекті параметрлерді түрлі мəзірлерде өзгертіңіз.
Принтердің барлық тапсырмаларының стандартты параметрлерін өзгерту
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару түймешігін басыңыз.
2. Керекті параметрлерді түрлі мəзірлерде өзгертіңіз.
3. Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінен ...түрінде сақтау опциясын таңдап,
алдын ала орнату атауын теріңіз.
Бұл параметрлер Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінде сақталады. Жаңа
параметрлерді пайдалану үшін бағдарламаны əрбір ашқан жəне басып шығарған кезде
сақталған алдын ала белгіленген параметр опциясы
н таңдауыңыз керек болады.
Өнім конфигурациясының параметрлерін өзгерту
1.
Apple
мəзіріндегі Жүйе ерекшеліктері мəзірін басып, Баспа жəне факс белгішесін
таңдаңыз.
2. Терезенің сол жағындағы өнімді таңдаңыз.
3. Опциялар мен жабдықтар түймешігін басыңыз.
4. Драйвер қойындысын басыңыз.
5. Орнатылған опцияларды реттеңіз.
Mac компьютерлеріне арналған бағдарламалық құрал
Mac жүйесіне арналған HP қызметтік бағдарламасы
Принтер драйверлерінде жоқ өнім функцияларын орнату үшін, HP утилитасын пайдаланыңыз.
HP утилитасын өнім əмбебап тізбекті шиналы (USB) кабелін пайдаланғанда немесе TCP/IP
негізді желіге қосылған жағдайда пайдалануға болады.
34
Бап 4 Өнімді Mac амалдық жүйесінде пайдалану KKWW