HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide

WPS стандарты арқылы өнімді сымсыз желіге жалғау
Сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдаса, бұл
өнімді сымсыз желіде орнатудың ең қарапайым жолы.
1. Сымсыз маршрутизатордағы «WPS» түймесін басыңыз.
2. Өнімнің басқару панеліндегі Сымсыз байланыс
түймесін екі секунд басып тұрыңыз.
«Сымсыз байланыс» шамы жыпылықтағанша түймені басып тұрыңыз.
3. Өнім сымсыз маршрутизатормен байланыс орнатқанша екі минут күтіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұл əдіс сəтсіз болса, USB кабелі арқылы сымсыз желіні пайдаланып көріңіз.
Басқару панелінің мəзірлерін пайдалана отырып, өнімді WPS арқылы сымсыз
желіге жалғау
1. Өнімнің алдыңғы жағындағы «Сымсыз байланыс» түймесін басыңыз. Сымсыз байланыс
мəзірі элементінің ашылғанын көру үшін басқару панеліндегі дисплейді қараңыз. Егер ол
ашылмаған болса, келесі қадамдарды орындаңыз:
а. Басқару тасындағы OK түймешігін басу арқылы мəзірлерді ашыңыз.
ə. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Желіні орнату
Сымсыз байланыс мəзірі
2. WPS орнату элементін таңдаңыз.
3. Ба
птауды орнату үші
н келесі əдістердің бірін таңдаңыз:
Pushbutton (Түйме): Басу түймешігі опциясын таңдап, басқару панеліндегі
нұсқауларды орындаңыз. Сымсыз байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы
мүмкін.
PIN коды: PIN кодын жасау опциясын таңдаңыз. Өнім, сымсыз маршрутизатордың
баптау экранында терілетін, бірегей PIN кодын жасайды. Сымсыз байланысты орнату
бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Бұл əдіс сəтсіз болса, USB кабелі арқылы сымсыз желіні пайдаланып көріңіз.
Өнімді сымсыз желіге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
өнімді сымсыз желіде баптау үшін осы əдісті пайдаланыңыз. Параметрлерді тасымалдау үшін
KKWW
Желіге Windows амалдық жүйесі арқылы қосу
49