HP LaserJet Pro 300 and 400 Color M351 and M451 - User's Guide
Жабдықтарға қатысты басқару тақтасында көрсетілген хабарларды
түсіндіру
<color> ауыстырыңыз
Сипаттамасы
Тонер картриджі пайдалану мерзімінің соңына жақындады, өнім өте төменгі күйге жеткенде
басып шығаруды тоқтататын етіп пайдаланушымен реттеледі.
Ұсынылатын əрекет
Оңтайлы басып шығару сапасын қамтамасыз ету үшін HP компаниясы осы кезде баспа
картриджін ауыстыруға кеңес береді. Хабар баспа сапасының төмендеуіне əкеп соққанша
басып шығаруды жалғастыра бере аласыз. Картридждің қалған нақты қызмет көрсету мерзімі
əртү
рлі болуы мүмкін. HP жабдығы «өте төмен» күйге жеткенде, HP компаниясының қорғау
кепілдігінің мерзімі аяқталады. Барлық басып шығару ақаулары мен картридждердің бүлінулері
HP жабдықтарын картридж таусылғандығын елемеу күйінде пайдаланғанда орын алса, НР
баспа картридждеріне кепілдік беру мəлімдемесі бойынша жабдықтарының немесе өндіру
сапасының ақауы ретінде қарастырылмайды.
<color> картриджін орнатыңыз
Сипаттамасы
Картридж өнімге не орнатылмаған, не дұрыс орнатылмаған.
Ұсынылатын əрекет
Баспа картриджін орнатыңыз.
<color> картриджінің тасымалдау бекітпесін алып тастаңыз
Сипаттамасы
Баспа картриджінің тасымал ілмегі орнатылған.
Ұсынылатын əрекет
Тасымал ілмегін картриджден шығарып алу үшін, қызғылт сары түсті жиекбелгіні тартыңыз.
10.XXXX Жабдық қателігі
Сипаттамасы
Баспа картридждерінің бірінің электронды жапсырмасы оқылмайды немесе жоқ.
◦ 10.0000 = қара түстің электронды жапсырмасының қателігі
◦ 10.0001 = көгілдір түстің электронды жапсырмасының қателігі
◦
10.0002 = ашық қызыл түстің электронды жапсырмасының қателігі
KKWW
Жабдықтарда пайда болған мəселелерді шешу
81