HP TopShot LaserJet Pro M275 - User's Guide

Желідегі өнімнің атауын өзгерту
Ерекше белгілеу үшін желідегі өнімнің атауын өзгерту керек болса, HP ішкі веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Желі
түймешігін басып өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP
мекенжайын теріңіз.
ЕСКЕРІМ: HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының
құралдар жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де
болады.
3. Жүйе қосымша бетін ашыңыз.
4. Құрылғы ақпараты бетінде əдепкі өнім аты Құрылғы сипаттамасы жолында болады.
Осы атты өзгертіп осы өнімді бірегей түрде анықтауға болады.
ЕСКЕРІМ: Осы беттегі басқа жолдарды толтыру міндетті емес.
5. Өзгерістерді сақтау үшін, Қолдану түймешігін басыңыз.
Сілтеме жылдамдығы жəне дуплекстеу параметрлері
ЕСКЕРІМ: Бұл ақпарат тек Ethernet желілеріне ғана қатысты. Оның сымсыз желілерге қатысы
жоқ.
Баспа серверінің сілтеме жылдамдығы мен байланыс режимі желі хабына сəйкес болуы тиіс.
Көп жағдайларда өнімді автоматты режимде қалдырыңыз. Сілтеме жылдамдығы жəне екі жаққа
басып шығару параметрлерін қате өзгерту өнімнің басқа желілік құрылғылармен байланысына
кедергі жасауы мүмкін. Егер өзгертулер енгізу қажет болса, өнімнің басқару панелін
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Параметр сіз қосылатын желілік өнімге (желілік хаб, қосқыш, шлюз, маршрутизатор
немесе компьютер) сəйкес келуі қажет.
ЕСКЕРІМ: Осы параметрлерге өзгертулер енгізу өнімнің өшіп, қайта қосылуына əкеп соғады.
Өзгертулерді өнім бос тұрғанда ғана енгізіңіз.
1.
Setup
Орнату») түймесін басыңыз.
2. Желіні орнату мəзіріне жылжып барып, түртіңіз.
3. Байланыс жылдамдығы мəзірін түртіңіз.
4. Келесі опциялардың бірін таңдаңыз:
Параметр Сипаттамасы
Aвтоматты Баспа сервері өзін автоматты түрде желіде рұқсат етілген ең жоғарғы
сілтеме жылдамдығымен жəне байланыс күйімен конфигурациялайды.
KKWW
IP желі параметрлерін реттеу
129