HP LaserJet Enterprise MFP M725 - Quick Reference Guide

Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару
мүмкіндігін пайдалану
Бұл өнімде Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан
файлдарды компьютерден жіберместен жылдам басып шығара аласыз. Өнім өнімнің алдындағы
USB портында стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Төмендегі файл түрлерін басып
шығаруға болады:
.pdf
.prn
.pcl
.ps
.cht
Бұл мүмкіндікті пайдаланбастан бұрын, USB портын қосуыңыз керек. Өнімнің басқару тақтасы
мəзірлерінен портты қосу
үшін келесі іс рəсімін пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
USB құрылғысынан шығаруды қосу
3. Қосу параметрін таңдап, Сақтау түймесін басыңыз.
Өнім тікелей компьютерге қосылған болса, өнімді USB флэш дискісі салынған бойдан ұйқы
режимінен шығатындай етіп келесі парам
етрді реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
Қуат параметрлері
Ұйқы таймерінің параметрлері
3. Осы оқиғаларға ояту/автоматты түрде қосу тізімінен Барлық оқиғалар опциясын таңдап,
Сақтау түймешігін түртіңіз.
KKWW
Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігін пайдалану
3