HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide
Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігін
пайдалану
Бұл өнімде Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды
компьютерден жіберместен жылдам басып шығара аласыз. Өнім өнімнің алдындағы USB портында
стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Төмендегі файл түрлерін басып шығаруға болады:
●
.pdf
●
.prn
●
.pcl
●
.ps
●
.cht
Бұл мүмкіндікті пайдаланбастан бұрын, USB портын қосуыңыз керек. Өнімнің басқару тақтасы мәзірлерінен
портты қосу үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Жалпы параметрлер
●
USB құрылғысынан шығаруды қосу
3. Қосу параметрін таңдап, Сақтау түймесін басыңыз.
Өнім тікелей компьютерге қосылған болса, өнімді USB флэш дискісі салынған бойдан ұйқы режимінен
шығатындай етіп келесі параметрді реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Жалпы параметрлер
●
Қуат параметрлері
●
Ұйқы таймерінің параметрлері
3. Осы оқиғаларға ояту/автоматты түрде қосу тізімінен Барлық оқиғалар опциясын таңдап, Сақтау
түймешігін түртіңіз.
KKWW Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігін пайдалану 117










