HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide

Сканерленген құжатты бір немесе бірнеше электрондық пошта
мекенжайларына жіберу
1. Сканер шынысына құжаттың бетін төмен
қаратып қойыңыз немесе құжат беру құралына
бетін жоғары қаратып салыңыз және қағаз
бағыттауыштарын құжаттың өлшеміне шақ
келетін етіп реттеңіз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Электрондық пошта түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты
мен құпия сөзді енгізіңіз.
3. Пернетақтаны ашу үшін Алушы өрісін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер өнімге кірген болсаңыз,
Жіберуші: өрісінде пайдаланушы атыңыз
немесе басқа әдепкі ақпарат көрсетілуі мүмкін.
Солай болса, оны өзгерте алмауыңыз мүмкін.
158 7-тарау Сканерлеу/жіберу KKWW