HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide

VoIP арқылы факс желілерін пайдалану
VoIP технологиясы аналогтық телефон сигналын сандық биттерге түрлендіреді. Содан кейін олар
интернетте тасымалданатын бумаларға жиналады. Бумалар мақсатты орында немесе оған жақын
қайтадан аналогтық сигналдарға түрлендіріліп, тасымалданады.
Ақпарат интернетте аналогтық емес, сандық түрде тасымалданады. Сондықтан, факсты тасымалдауда
аналогтық жалпы қолданыстағы телефон желісінен (PSTN) басқа факс параметрлерін қажет етуі мүмкін әр
түрлі шектеулер бар
. Факс синхронизация мен сигнал сапасына өте тәуелді, сондықтан, тасымалдау VoIP
ортасына сезімталдау.
VoIP қызметіне қосулы кезде HP LaserJet аналогтық факс жабдығы 500 параметрлерінде келесі өзгертулер
ұсынылады:
Факс жылдамдығын тез (V.34) режиміне орнатып және қателерді түзету режимі (ECM) қосулы күйде
бастаңыз. V.34 протоколы VoIP желілерін үйлестіру үшін қажет тасымалдау жылдамдығындағы кез
келген өзгертулермен жұмыс істейді.
Факс жылдамдығы тез күйіне орнатылғанда көп қателер немесе қайталанатын әрекеттер орын алса,
оны орташа күйіне орнатыңыз (V.17).
Егер қателер және қайталанатын әрекеттер жалғасса, факс жылдамдығын баяу (V.29) деп
орнатыңыз, өйткені кейбір VoIP жүйелері факспен байланысты жоғарырақ сигнал
жылдамдықтарымен жұмыс істей алмайды.
Сирек жағдайларда, қателер қайталанса, өнімде ECM өшіріңіз. Сурет сапасы төмендеуі мүмкін. Бұл
параметрді пайдаланбас бұрын сурет сапасын ECM үшін қабылдайтындай деңгейде екеніне көз
жеткізіңіз.
Егер алдыңғы параметр өзгертулері VoIP факс сенімділігін жақсартпаса, анықтама алу үшін VoIP
провайдеріне хабарласыңыз.
200 8-тарау Факс KKWW