HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide
Факс қойындысы (тек факсті модельдерге арналған)
Кесте 9-5 HP ендірілген веб-серверінің Факс қойындысы
Мәзір Сипаттама
Факс жіберу параметрлерін орнату
(Настройка отправки факсов)
Факстарды жіберу параметрлерін, соның ішінде, мыналарды конфигурациялаңыз:
●
Шығыс факстардың әдепкі параметрлері
●
Ішкі факс модемін пайдаланып факстар жіберудің әдепкі параметрі
●
Жергілікті факс қызметін пайдалану параметрлері
●
Интернет факс қызметін пайдалану параметрлері
Жылдам терулер Факстың жылдам теру нөмірлерін басқарыңыз. Сондай-ақ, осы өнімде қол жеткізу
мүмкін болуы үшін электрондық пошта мекенжайлары, факс нөмірлері немесе
пайдаланушы жазбалары бар .CSV файлдарын импорттауға болады. Сондай-ақ,
өнімдегі электрондық пошта, факс немесе пайдаланушы жазбаларын компьютердегі
файлға экспорттауға болады. Содан кейін, бұл файлды деректердің сақтық көшірмесі
ретінде пайдалануға болады немесе оны жазбаларды басқа НР өніміне импорттау
үшін пайдалануға болады.
Факс қабылдау параметрлерін орнату
(Настройка параметров получения
факсов)
Кіріс факстар үшін әдепкі басып шығару опцияларын конфигурациялаңыз, әрі
факстарды басып шығару кестесін орнатыңыз.
Факсты мұрағаттау және қайта бағыттау
(Архивирование и переадресация факсов)
Факстарды мұрағаттауды және факстарды қайта бағыттауды қосыңыз немесе
өшіріңіз, әрі әрқайсысы үшін негізгі параметрлерді конфигурациялаңыз.
●
Факстарды мұрағаттау — бүкіл кіріс және шығыс факстардың көшірмесін
электрондық пошта мекенжайына жіберудің әдісі.
●
Факстарды қайта бағыттау — кіріс факстарды басқа факс құрылғысына қайта
бағыттаудың әдісі.
Факс журналы Өнімнен жіберілген немесе онда қабылданған факстар тізімін басып шығарады.
Ақаулықтарды жою қойындысы
Кесте
9-6 HP енгізілген веб-серверінің Ақаулықтарды жою қойындысы
Мәзір Сипаттама
Жалпы ақаулықтарды жою (Устранение
общих неисправностей)
Өнімде пайда болған мәселелерді шешуге көмектесетін түрлі есептерді және
сынақтарды басып шығарыңыз.
Диагностикалық деректерді шығарып алу
ЕСКЕРТПЕ: Бұл элементті Қауіпсіздік
қойындысынан әкімші құпия сөзі
орнатылған болса ғана қолдануға
болады.
Өнім туралы ақпаратты мәселені егжей-тегжейлі талдау үшін пайдалануға болатын
файлға экспорттаңыз.
Микробағдарламаны жаңарту
(Обновление микропрограммы)
Өнімнің кірістірілген бағдарламалық құралын жаңарту файлдарын жүктеп алып,
оларды орнатыңыз.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру Өнімнің параметрлерін зауыттық әдепкі мәндеріне қайтару.
210 9-тарау Өнімді басқару KKWW










