HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide

Қауіпсіздік қойындысы
Кесте 9-7 HP ендірілген веб-серверінің Қауіпсіздік қойындысы
Мәзір Сипаттама
Жалпы қауіпсіздік Әкімші құпия сөзін өнімнің кейбір мүмкіндіктеріне кіруді шектейтін етіп реттеңіз.
PJL пәрмендерін өзгерту үшін PJL құпия сөзін орнатыңыз.
Файлдық жүйеге қол жеткізу және аппараттық бағдарламалық құралдарды жаңарту
қауіпсіздігін орнатыңыз.
Тікелей компьютерден басып шығару үшін, басқару тақтасындағы хост USB портын
немесе форматтердегі USB байланыс портын қосыңыз немесе өшіріңіз.
Бүкіл қауіпсіздік параметрлерінің күйін көріңіз.
Кіру мүмкіндігін басқару Белгілі бір адамдар немесе топтар үшін өнімнің функцияларына қол жеткізу
мүмкіндігін реттеңіз. Сондай-ақ, пайдаланушы есептік жазбаларын орнатыңыз және
жеке адамдардың өнімге жазылу жолын да таңдаңыз.
Сақталған деректерді қорғау Өнімнің ішкі қатты диск параметрлерін реттеп, басқарыңыз. Қауіпсіздікті арттыру
мақсатында бұл өнімнің қатты дискісі шифрланған.
Өнімнің қатты дискісінде сақталған тапсырмалардың параметрлерін реттеңіз.
Куәлікті басқару Өнімге және желіге кіру мүмкіндігін беретін қауіпсіздік куәліктерін орнатыңыз және
реттеңіз.
Өзіндік тексеру (Самодиагностика) Қауіпсіздік функциялары күтілген жүйелік параметрлерге сай орындалып жатқанын
тексеріңіз.
HP веб-қызметтері қойындысы
Өнімнің HP веб қызметтерінің параметрлерін реттеу және қосу үшін, HP веб-қызметтері қойындысын
пайдаланыңыз. HP ePrint мүмкіндігін пайдалану үшін, HP веб қызметтерін қосу керек.
Желіге қосылу қойындысы
IP негізіндегі желіге қосылып тұрғанда, өнімнің желі параметрлерін конфигурациялау және қорғау үшін
Желіге қосылу қойындысын пайдаланыңыз. Бұл қойынды өнім басқа желі түрлеріне қосылғанда
көрсетілмейді.
Басқа сілтемелер тізімі
ЕСКЕРТПЕ: Жалпы қойындысындағы Басқа сілтемелерді өңдеу мәзірінің көмегімен Басқа сілтемелер
тізімінде қандай сілтемелер көрсетілетінін конфигурациялауға болады. Төмендегілер — әдепкі сілтемелер.
Кесте 9-8 HP енгізілген веб-серверінің Басқа сілтемелер тізімі
Мәзір Сипаттама
HP Instant Support қызметі Өнімнің ақаулықтарына шешім табуыңызға көмек көрсету үшін сізді HP веб-торабына
қосады.
KKWW HP енгізілген веб сервері 211