HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide

«Мәселелерді шешу» тексеру парағы
Өнімге қатысты мәселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
1. Басқару тақтасы бос немесе қара болса, осы қадамдарды аяқтаңыз:
а. Қуат сымын тексеріңіз.
ә. Өнімнің қосулы екенін тексеріңіз.
б. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына сәйкес келетінін тексеріңіз. (Кернеу талаптарын
өнімнің артқы жағындағы жапсырмадан қараңыз.) Қуат жолағы мен оның кернеуі талаптарға
сай болмаса, өнімді тікелей қуат розеткасына қосыңыз. Егер ол қуат розеткасына қосылып
тұрған болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
в. Егер осы әрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP компаниясының Пайдаланушыға қолдау
көрсету қызметімен байланысыңыз.
2. Басқару тақтасы Дайын күйін көрсетуі тиіс. Қате хабары көрсетілсе, қатені түзету үшін басқару
тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Кабельді тексеріңіз.
а. Өнім мен компьютердің немесе желілік порттың арасындағы кабельдің қосылған жерлерін
тексеріңіз. Қосылған жерлері мықты екенін тексеріңіз.
ә. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
б. Желілік байланысты тексеріңіз.
4. Таңдалған қағаз өлшемі мен түрі техникалық сипаттамаларға сай екенін тексеріңіз. Сондай-ақ, өнімнің
басқару тақтасындағы мәзірді Науалар ашыңыз да, науаның қағаз түрі мен өлшемі үшін дұрыс
реттелгенін тексеріңіз.
5. Конфигурация бетін басып шығарыңыз. Егер өнім желіге қосылған болса, HP Jetdirect беті де басылып
шығады.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігін түртіңіз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Есептер
Конфигурация/күй беттері
Конфигурация беті
б. Бетті басып шығару үшін Басып шығару түймешігін түртіңіз.
Егер бет басып шығарылмаса, кемінде бір науада қағаздың болуын тексеріңіз.
Өнімде қағаз кептеліп қалса, шығару үшін басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер бет дұрыс басып шығарылмаса, HP тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Бет дұрыс басып шығарылса, мәселе компьютерде, баспа драйверінде немесе бағдарламада болуы
мүмкін.
224 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW