HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide

12 Жылжыту жолағы Қол жетімді мүмкіндіктердің толық тізімін көру үшін жылжыту жолағындағы жоғары немесе төмен
көрсеткілерін түртіңіз.
13 Мүмкіндіктер Өнім конфигурациясына байланысты бұл аймақта көрсетілетін мүмкіндіктер келесі элементтердің
кез келгенін қамтуы мүмкін:
Жылдам орнату
Көшіру
Электрондық пошта
Факс (факс орнатылған өнімдер үшін)
USB құрылғысына сақтау
Желілік қалтаға сақтау
Құрылғы жадына сақтау
USB құрылғысынан шығарып алу
Құрылғы жадынан шығарып алу
Fax Job Status (Факс тапсырмасының күйі)
Жабдықтар
Науалар
Басқару
Құрылғыға техникалық қызмет көрсету
Басқару тақтасын тазалау
Басқару тақтасын жұмсақ, түгі жоқ матамен тазалаңыз. Қағаз сүлгілерді немесе маталарды пайдаланбаңыз,
өйткені олар абразивті және экранды зақымдауы мүмкін. Егер қатып қалған қоқысты кетіру керек болса,
матаны суға немесе шыны тазалағышына малыңыз.
Басқару тақтасының анықтамасы
Құрылғының ішіне әр экранды пайдалану жолын түсіндіретін «Анықтама» жүйесі орнатылған. Анықтама
жүйесін ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Анықтама түймесін түртіңіз.
Кейбір экрандарда «Анықтама» жүйесі жалпы мәзірден ашылып, белгілі бір тақырыптарды іздеуге
мүмкіндік береді. Мәзірдегі түймелерді түртіп, мәзір құрылымының ішін шарлауға болады.
Жеке тапсырмалар параметрлерін қамтитын экрандар үшін «Анықтама» жүйесі сол экрандардың
опцияларын түсіндіретін тақырыпты ашады.
Құрылғы қате немесе ескерту туралы хабар берсе, ақауды түсіндіретін хабарды ашу үшін Қате
түймешігін немесе Абайлаңыз түймешігін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою нұсқаулары
берілген.
12 1-тарау Өніммен танысу KKWW