HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide
Өнім есептері
Өнім есептері өнім және оның ағымдағы конфигурациясы туралы мәліметтер береді. Есептерді басып
шығару немесе көру үшін төмендегі процедураны орындаңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Есептер мәзірін ашыңыз.
3. Есеп санаттарының бірін таңдаңыз:
●
Конфигурация/күй беттері
●
Fax Reports («Факс есеп берулері») (тек факс модельдеріне арналған)
●
Басқа беттер
4. Сарапталатын есептің атауын таңдап, содан кейін басып шығару үшін Басып шығару түймешігін
түртіңіз немесе басқару тақтасының дисплейінде параметрлерді сараптау үшін Көру түймешігін
түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір беттерде Көру опциясы жоқ.
Кесте 1-1 Reports (Есептер) мәзірі
Бірінші деңгей Екінші деңгей Сипаттама
Конфигурация/күй беттері Басқару мәзірінің картасы Басқару мәзірінің құрылымын көрсетеді.
Қосу жолы беті Өнім желіге қосылған болса, ол үшін IP
мекенжайын, басты компьютер атауын және
MAC мекенжайын көрсетеді. Қажет болса, ол
HP ePrint мекенжайы мен Airprint мекенжайын
да көрсетеді.
Ағымдағы параметрлер беті Басқару мәзіріндегі әр опция үшін ағымдағы
параметрлерді көрсетеді.
Конфигурация беті Өнім параметрлерін және орнатылған қосалқы
құралдарды көрсетеді.
Жабдықтар күйінің беті Жабдықтардың шамаланған жарамдылық
мерзімін көрсетеді және өңделген беттер мен
тапсырмалардың жалпы саны, сериялық
нөмір, бет сандары және техникалық қызмет
көрсету ақпараты бойынша статистика есебін
береді.
HP компаниясы тұтынушыға қолайлы болуы
үшін жабдықтардың шамамен қалған қызмет
мерзімімен қамтамасыз етеді. Нақты қалған
жабдық деңгейлері шамамен берілген
мәндерден өзгеше болуы мүмкін.
Пайдалану беті Өнім арқылы өткен барлық қағаз
өлшемдерінің санын басып шығарады;
симплексті немесе дуплексті болған кездерінің
тізімін береді және беттер санының есебін
береді.
14 1-тарау Өніммен танысу KKWW










