HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide
3. Негізгі сканер шынысын, құжат беру құралының
шынысын (сканердің оң жағындағы шынының
шағын жолағы) және ақ көбік тұруын
тазалаңыз. Қырғыш емес шыны тазалағышпен
ылғалданған жұмсақ шүберекті немесе губканы
пайдаланыңыз. Дақ түсірмес үшін шыныны
немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе
целлюлоза шүберекпен құрғатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау
барысында абразивті заттарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін
пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге
қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді
зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат беру құралын
пайдаланғанда көшірмелерде жабысумен
қиындықтар туындаса, сканердің сол
жағындағы шынының шағын жолағын міндетті
түрде тазалаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Көшірмелерде жабысуларды
тудыратын қалдықтарды анықтау және тазалау
жолы туралы көрсетілімді ағылшын тіліндегі
бейнеден қараңыз: www.youtube.com/watch?
v=CGn7FJvH8sE.
4. Қуат сымын розеткаға қосып, содан кейін өнімді
қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Факс жіберу ажыратымдылық параметрлерін тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Ажыратымдылықты арттыру факс өлшемін және жіберу уақытын арттырады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Факс параметрлері
●
Fax Send Settings (Факс жіберу параметрлері)
●
Әдепкі тапсырма опциялары
KKWW Факс сапасын жақсарту 273










