HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide

USB байланысының ақауларын жою
Өнім тікелей компьютерге қосылған болса, өнімді USB флэш дискісі салынған бойдан ұйқы режимінен
шығатындай етіп келесі параметрді реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
Қуат параметрлері
Ұйқы таймерінің параметрлері
3. Осы оқиғаларға ояту/автоматты түрде қосу тізімінен Барлық оқиғалар опциясын таңдап, Сақтау
түймешігін түртіңіз.
Егер сіз өнімді компьютерге тікелей қоссаңыз, кабельді тексеріңіз.
Кабель компьютерге және өнімге жалғанғандығын тексеріңіз.
Кабельдің 2 метрден ұзын емес екенін тексеріңіз. Қысқалау кабельді пайдаланып көріңіз.
Кабельдің дұрыс жұмыс істейтінін басқа бір өнімге қосып тексеріңіз. Қажет болса, кабельді
ауыстырыңыз.
KKWW USB байланысының ақауларын жою 281