HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide
USB кабелін пайдаланып өнімді компьютерге жалғап,
бағдарламалық құралды орнатыңыз (Mac OS X)
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. A-B түріне жататын USB кабелін пайдаланыңыз. HP компаниясы кеңесі
бойынша, USB кабелі 2 метрден ұзын болмау керек.
1. Өнім мен компьютерге USB кабелін жалғаңыз.
2. Өнімнің «дайын» күйінде екендігін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Өнім USB кабелімен жалғанғанда, бағдарламалық құралды орнату процесі өнімнің
қосулы болуын және Готово (Дайын) күйінде болуын қажет етеді. Өнім бағдарламалық құралды
орнату процесі кезінде және баспа тапсырмасын алған кезде ұйқы режимінен оянуы үшін мына
параметрді реттеңіз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Жалпы параметрлер
●
Қуат параметрлері
●
Ұйқы таймерінің параметрлері
б. Осы оқиғаларға ояту/автоматты түрде қосу тізімінен Барлық оқиғалар опциясын таңдап, Сақтау
түймешігін түртіңіз.
3. Ықшам дискіден бағдарламалық құралды орнатыңыз.
4. Өнім белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Close (Жабу) түймешігін басыңыз.
6. Бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген бағдарламадан бір бет басып
шығарыңыз.
22 2-тарау Өнімді жалғау және бағдарламаны орнату KKWW










